ДДСҰ Еуропада пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін болжады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропада коронавирустың “омикрон” нұсқасының толқыны аяқталған соң пандемия аяқталуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы ДДСҰ-ның еуропадағы директоры Ханс Клюге Франс-Пресс агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, «Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне таяп қалуы мүмкін». Дегенмен, Клюге SARS-CoV-2-нің жаңа нұсқаларын мұқият бақылау қажеттігін ескертті.

ДДСҰ өкілі атап өткендей, Еуропадағы “омикрон” толқыны бәсеңдеген соң, “бірнеше апта мен ай бойы вакцинаның арқасында немесе инфекциядан кейін адамдарда иммунитет болғасын, жаһандық иммунитет қалыптасады”. Сонымен қатар, жылы мезгілдің жақындауы жағдайға әсер етуі мүмкін.

Бұған қоса, ол коронавирустың бірнеше рет таңғалдырғанын айтып, сақ болуға шақырды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz