ДДСҰ басшысы түнгі клубта билеп жүр деген жалған ақпарат қайдан шықты?

Twitter желісінің қолданушылары ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус “түнгі клубта билеп жүр” деген видеоны бөлісе бастады. Кейін, конспирологияны жақтайтын Михаил Делягин бұл видеоны таратқан соң, қазақстандық желі қолданушылары да видеоны жариялады. Factcheck.kz желіде тараған видеоның түпнұсқасы қайда түсірілгенін тексерді.

Бұл – Дүниежүзілік денсаулық ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус. Егер сенімді дереккөзден ДДСҰ мәлімдеме жасады деген ақпаратты оқысаңыз, оларды кім басқарып отырғанын еске түсіріңіз.

Инстаграм желісіндегі жазбадан алынды

Үкім: Жалған

Бұл видеомонтаж Бразилияда жасалған, ал видеоны желіге таратқан адам мұның тек қалжың үшін жасағанын айтты. Алайда, видео басқа елдерде лезде тарала бастады.

Бразилияның Journal O Globo журналистері ақпараттың рас-өтірігін 22 маусымда жазған еді: видео 2020 жылы ақпанда Бразилияның Сантос қаласында түсірілген. Түпнұсқада ДДСҰ басшысы емес, мүлдем басқа адам бейнеленген.

ДДСҰ басшысы түнгі клубта билеп жүр деген жалған ақпарат қайдан шықты?
Жоғарыда көрсетілген суретте – Тедрос Адханом Гебрейсус, астындағы суретте – желідегі адамның суреті

Зейін салып қарасаңыз, ДДСҰ басшысы мен видеодағы адамның екі түрлі екенін аңғаруға болады. Видеодағы адамның терісі ақшыл, ал жағы, құлағы, мұрты болса басқаша. Бұдан өзге желі қолданушыларды адастыратын кейбір ұқсастықтар бар. Видеоның сапасы нашар болғандықтан, көп адамдар асығыс шешім қабылдап, кейіпкерді шатастырып алған.

Бразилиялық әріптестеріміз қосымша зерттеу жасап, видеоның Бразилияда (әлемде коронавирус пандемиясы жарияланбастан бұрын) ақпан айында түсірілгенін анықтады. Журналистер даяшының жеңіл жейдесінде көрсетілген телефон нөмірі арқылы бардың иесімен сөйлесті.

“Мен видеоны көрдім. Интернетке кім жүктегенін білмедім, бірақ бардың қазір жабық екенін айтқым келеді. Әрине, бұл жағдай бірнеше ай бұрын болды. Сол сәтте өлең қосылып тұрды, қазір бар шамамен 90 күнге жабылды”, – деді бардың иесі «О Глобо» сайтына берген сұхбатында.

Видеодағы билеп тұрған адамның артында теледидар қосулы болған. Domingão do Faustão бағдарламасы арқылы журналистер видеоның 16 ақпанда түсірілгенін анықтады.

Ақпараттың рас өтірігін анықтайтын Fatabyyano сайты да видеоны зерттеді. Видеода су таңбасын көргеннен кейін, Уилкер Васконселос атты желі қолданушыны тапты. Ол екі адамның ұқсастығы болғаны үшін видеоға монтаж жасап, қызық үшін жасағанын айтқан.

Сонымен бірге, Уилкер Васконселос 23 маусымда Twitter парақшасында пост жариялады. Ол таңғалғаннан “Анашым, мен жайлы “О Глобо” жазды” – деді.

https://twitter.com/wilkergv/status/1275192544075358211?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1275192544075358211%7Ctwgr%5E&ref_url=https%3A%2F%2Ffaktograf.hr%2F2020%2F07%2F02%2Fova-video-montaza-ne-prikazuje-direktora-svjetske-zdravstvene-organizacije-kako-plese-u-brazilskom-klubu%2F%20%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%B1%D0%BD%D0%B5%D0%B5%20-%20https%3A%2F%2Ffactcheck.kz%2Fclaim-checking%2Fverdict%2Fglava-voz-tedros-gebreisus-tancuet-v-nochnom-klube-kak-i-gde-voznik-videofejk%2F.%20%D0%9B%D1%8E%D0%B1%D0%BE%D0%B5%20%D0%B8%D1%81%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B2%20%D0%B4%D0%BE%D0%BF%D1%83%D1%81%D0%BA%D0%B0%D0%B5%D1%82%D1%81%D1%8F%20%D1%82%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BA%D0%BE%20%D0%BF%D1%80%D0%B8%20%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D1%87%D0%B8%D0%B8%20%D0%B3%D0%B8%D0%BF%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%BA%D0%B8%20%D0%BD%D0%B0%20factcheck.kz.

Қорытынды

  • Уилкер Васконселос екі адамның ұқсастығы болғаны үшін видеоға монтаж жасап, қалжың үшін жасағанын айтты.
  • Бразилияның Journal O Globo журналистері Сантос қаласында видеоның түпнұсқасы түсірілгенін анықтады.
  • Екі адамның бір біріне ұқсаc және видеода ДДСҰ басшысы көрсетілмеген.

Біздің Телеграм мен Инстаграмдағы арнамызға жазылып, тексерілген ақпараттан хабардар болыңыз!

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz