ДДСҰ әйелдердің алкоголь ішуіне тыйым салуды ұсынды ма?

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «‎Алкогольге қарсы күрес жөніндегі 2022-2030 жылдарға арналған жаһандық іс-қимыл жоспары»‎ атты құжат жариялаған. Материалға сай, әр мемлекет халықтың алкогольдің қатері жайлы білімін арттыруы керек. Бұл тұста балалар мен жасөспірімдер, бала туатын жастағы және аяғы ауыр әйелдерге ерекше мән беруі ләзім.

Алайда мұны Қазақстандық медиа (мында да) «‎ДДСҰ бала туатын жастағы әйелдерге алкоголь ішуге тыйым салуға шақырды»‎ деп таратты. Әлеуметтік желіде есептің авторларын сексист деп айыптаушылар да көбейген. Factcheck.kz оқырман өтінішінен соң ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

ДДСҰ әйелдердің алкоголь ішуіне тыйым салуды ұсынды ма?
Медиада тараған ақпараттардың бірі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары 15 пен 49 жас аралығындағы әйелдерге алкоголь ішуге тыйым салу керек дейді.

Медиада тараған ақпарат

Үкім: Манипуляция

ДДСҰ есебінде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала туу жасындағы әйелдер арасында алкогольді тұтыну деңгейін төмендету қажет екендігі айтылған. Бірақ, контестке мән берсек, әңгіме тыйым салу жайында емес, ақпараттық-насихатты арттыру туралы екенін көреміз. Ұйым әйелдердің алкоголь ішуіне тыйым салуға шақырмайды. Оның үстіне, ДДСҰ-да әлдекімге қандай да бір тыйым салатын құзіреттің жоқтығын атап өткен дұрыс.

Толық картинаны алып қарасақ, мәселе әйелдерге тыйым салу жөнінде емес, пропаганда жүргізудің алдын-алу хақында болып отыр.

Бұл проблема жөнінде жазған қазақстандық сайттар Daily Mail-ге сілтейді. Алайда бұл дереккөздің өзінен бастап ұйымның материалы бұрмаланған: манипуляторлар меңзейтін тұсы материалдың 2-әрекет аумағы: ақпараттық-насихат деп аталады. Оның алғашқы абзацында халықаралық жақсы дамыған коммуникация мен ақпараттық-насихат жүргізу амалдары арқылы алкоголь ішімдіктерінің зиян екенін жақсы түсіндру қажеттігі жазылған.

Толығырақ

Алдымен, ДДСҰ-ның кез-келген өнімге тыйым салуға немесе жекелеген елдің заңнамасына өзгеріс енгізуге құқығы жоқ екенінен бастайық. Ұйымның барлық баяндамасы тек ұсыныс, ал түпкілікті шешім жекелеген мемлекеттің басшылығына қалады. Сонымен қатар, құжат сипаттамасында бұл есептің алғашқы нұсқасы екені көрсетілген, қорытындысы кейінірек жарияланады.

Материалдың түпнұсқасында алкогольді тұтынуға байланысты қауіп туралы халықтың білімін арттыру қажеттігі жазылған. ДДСҰ-ның соңғы бағалауына сай, әлем бойынша 15 жастан асқан 283 миллион адам алкогольді тұтынуға байланысты зардап шегіп жатыр. Оның 237 миллионы ер, 46 миллионы әйел адам.

Сондай-ақ, алкоголь көптеген өлімнің себепкері. Ұйым дерегі бойынша, 2016 жылы алкогольді шектен тыс пайдалану бүкіл әлемде шамамен 3 миллион адамның өліміне (барлық өлімнің 5,3%-і) әкеліп соққан. Сарапшылардың пікірінше, жыл өткен сайын мәселе өзектілігі артып келеді.

Осыған байланысты ұйым сарапшылары жасөспірім, жүкті әйел және бала туу жасындағы әйелдер арасында алкогольді шамадан тыс тұтыну мәселесіне ерекше назар аудару керек деп санайды. ДДСҰ мамандары бұл адамдарға алкогольден бас тартуға кеңес береді және ел басшыларын оның зияны туралы ақпаратты кеңірек таратуға шақырады. Алайда, әйелдер үшін алкогольге тыйым салу туралы әңгіме болуы мүмкін емес, ұйым тек халықтың осал топтарына назар аударуға және олармен жұмыс істеуге шақырады.

Сексизмге қатысты айыптаулар негізсіз бе?

ДДСҰ-ның дерегіне сәйкес, ер адамдар алкогольді орта есепте көбірек пайдаланады және бұл ұрық сапасына теріс әсер етеді. Бедеулік туралы, оның ішінде ДДСҰ қолдауымен, бірнеше зерттеу мен материал жаряланған. ДДСҰ бұл мәселеде тек әйелдерге назар аударады деу қисынсыз.

Ұйым гендерлік мәселеге онсыз да көп көңіл бөледі. Мысалы, биыл наурызда COVID-19 пандемиясы кезінде әйелдердің денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылығы өте жақсы рөл атқаратындығы жөнінде қысқаша есеп жариялады. Сарапшылар пандемия әйелдердің құқықтарына теріс әсер еткенін, бірақ олардың денсаулық сақтау саласын модернизациялау әрекеті инфекцияның таралуына қарсы күресте көмектескенін атап өтті.

Оның үстіне, ДДСҰ басшысы пандемияның әсерінен ерлерге қарағанда әйелдер көбірек зардап шеккенін айтқан.

Теңдіктің басқа мәселелеріне келсек, ДДСҰ сайтында гендерлік проблема бойынша бүтін бөлім бар, онда ұйым мамандары әйелдердің де, ерлердің де денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі туралы түрлі пайдалы материалдар жариялап тұрады.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz