CPJ: Биыл әлемде қамауда отырған журналистер көбейді

Дүние жүзінде түрмеде отырған журналист саны 2021 жылы жаңа антирекорд орнатты. Бұл туралы Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) хабарлады.

CPJ биыл баспасөз бостандығын қорғаушылар үшін өте ауыр жыл болғанын жазған. 2021 жылы түрмеге қамалған журналистер саны — 293. Бұл былтырғы жылғы статистикадан да көп — 280.

Сонымен қатар, биыл кемінде 24 журналист белгілі бір тақырыпта материал дайындағаны үшін өлтірілген.

Журналистерді қорғау комитеті Қытай үшінші жыл қатарынан рейтиңде алғашқы орында екенін де ескерткен. Төменде түрмеде отырған журналист саны бойынша алғашқы он ел тізімі көрсетілген.

  1. Қытай — 50
  2. Мьянма — 26
  3. Мысыр— 25
  4. Вьетнам — 23
  5. Беларусь — 19
  6. Түркия — 18
  7. Эритрея — 16
  8. Ресей — 14
  9. Сауд Арабиясы — 14
  10. Иран — 11

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz