Апталық шолу: COVID-19’ды бұғаттайтын үш өнім, вакцина, коронафейк және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты әдеттегідей тексерген болатын. Ендеше, жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

Ғалымдар COVID-19’ды бұғаттайтын үш өнімді анықтады | Рас па?

Жақында БАҚ пен әлеуметтік желілерде америкалық ғалымдар коронавирусты бұғаттайтын үш өнімді анықтады деген ақпарат тарай бастады. Зерттеушілердің пікірінше, жүзім мен көк шай коронавирусқа қарсы жақсы әрекет етеді – олар адам ағзасында вирустың таралуын болдырмауға жақсырақ көмектеседі.

Пандемия кезінде организмге коронавируспен күресуге көмектеседі деген түрлі тағам туралы көптеген ақпарат пайда болғанына қарамастан, бұл ғажайып құралдардың ешқайсының ауруға қарсы нақты пайдасы дәлелденген жоқ. Негізінен, көзге түсетін мұндай тақырыптың барлығы – кликбейт және манипуляция.

Pfizer вакцинасын салған 4 еріктіде Белл сал ауруы пайда болғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында америкалық коронавирус вакцинасын алған төрт еріктіде Белл сал ауруы пайда болды деген ақпарат шықты. Factcheck.kz оқырмандардың сұрауы бойынша ақпаратты тексерді.

Апталық шолу: COVID-19’ды бұғаттайтын үш өнім, вакцина, коронафейк және басқалары
Пікір: АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы PFIZER вакцинасын қабылдаған төрт еріктіде Белл сал ауруы пайда болды деп хабарлады, мұндай кезде бет жүйкесінің  уақытша зақымдануы салдарынан бұлшықет сал ауруы болады.

Шынында, АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы құжаты мәліметінше, Pfizer-BioNTech COVID-19 вакцинасын алған төрт қатысушыда Белл сал ауруы тіркелген. Бұл жағдайлар перпаратты еккеннен кейін 3, 9, 37 және 48 күн өткенде пайда болды.

Сондай-ақ, вакцинацияның сал ауруына алып келгені туралы ешқандай дәлел жоқ екені рас – біз тексеретін материалдарда осындай егжей-тегжейлі мәліметтер бар. Дегенмен Lenta.ru порталындағыдай мына сияқты тақырыптар манипуляциялық және оқырмандарды әдейі немесе байқаусызда адастырады: Американың коронавирус вакцинасынан кейін сал ауруы пайда болған жағдайлар тіркелді. Толығырақ мына сілтемеде.

БАД әйелдерді коронавирустан қорғай ма?

17 желтоқсанда Baigenews сайты белгісіз ғалымдарға сілтеме жасай отырып, Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) әйелдердің коронавирус жұқтыру қауіпін 10-15%- ке азайтады деген ақпарат таратты. Оқырманның өтініші бойынша Factcheck.kz деректің рас-өтірігін тексерді.

Бұл ақпарат біздің оқырмандарға жақсы таныс medRxiv препринт зерттеулер сайтында жарияланған. Мұндай сайт пен оның ақпараттарына неге сенуге болмайтыны турасында бұған дейін бірнеше рет жаздық. Оның үстіне ББҚ-ны шектен тыс пайдалану организмге зиянын тигізуі мүмкін. Толығырақ оқу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Қазақстанда сайлауды бақылайтын жаңа платформа пайда болды

Қазақстандағы сайлауды бақылайтын Voices of Kazakhstan атты жаңа платформа пайда болды. Бұл туралы Holanews.kz сайты хабарлады.

Италияның Адам құқығы жөніндегі федерациялық қор (FIDU) президенті Антонио Станго мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев жетекшілік ететін Freedom Kazakhstan қоры (FKF) алдағы парламент сайлауының нәтижелері туралы мәліметтер жариялап отыратын Voices of Kazakhstan бірлескен жобасы ашылғанын хабарлады.

Аталмыш жоба Telegram чат-боттарының көмегімен жүзеге асады. Жобаны 23 желтоқсан күні «Ашық диалог» қорының президенті Людмила Козловска мен «Уральская неделя» басылымының директоры Тамара Еслямова таныстырды.

Басқа қандай материал жарияладық

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz