Coca-Cola’мен дәретхана тазалауға бола ма?

Желіде газдалған Coca-Cola сусынының көмегімен, дәретхананы тазалауға және металлдағы лас заттарды кетіруге болатыны жайлы жиі айтылып келеді. Осы туралы интернеттен іздесеңіз қалай тазарту керектігі жайлы орыс және ағылшын тілді көптеген сайттардан оқуға болады. Алайда Coca-Cola-ны расымен тазартқыш ретінде қолдануға бола ма? Factcheck.kz интернетте жиі тараған ақпараттың қаншалықты сенімді екенін тексеріп көрді.

Coca-Cola’мен дәретхана тазалауға бола ма?

Алдымен желіде жиі тараған ақпараттың көбі пайдалы кеңес беретін сайттарда жарияланған. Бірақ мұндай материалдарда сілтеме көрсетілмейді. Мысалы ресейлік «Кубанские новости» және Израильдің Mignews сайтын осындай форматқа жатқызуға болады.

Біз осы тұста АҚШ-тың танымал Business Insider басылымының материалын қарап көрдік. Business Insider — бизнес және қаржыға қатысты (бұдан басқа да рубрикалар бар) аналитикалық материалдар жариялайтын медиа. 2017 жылдың желтоқсанында Home рубрикасында “өзіміз сынап көрдік” деген форматпен материал жарияланды. Автор Джилиан Роджерс дәретханадағы лас нәрселерді тазалау үшін Coca-Cola-ны қолданғанын және жақсы әсер еткенін жазды. Сонымен қатар, автор тазартпас бұрын және тазалап болған соң фото жариялаған.

  • Coca-Cola’мен дәретхана тазалауға бола ма?
  • Coca-Cola’мен дәретхана тазалауға бола ма?

Сонымен бірге, осыған қатысты ақпарат іздеген кезде «Coca-Cola Қазақстан» ресми сайтында мынадай мәлімдемені таптық:

“Егер Coca-Cola-ны дәретхананы тазарту үшін қолдансаңыз, лимон шырыны сияқты басқа қышқыл тағамдар мен сусындарды қолданған секілді бірдей әсер болады. Алайда бұлай тазартпағаныңыз жөн. Coca-Cola құрамында фосфор қышқылы бар, ол кейбір өнімдерімізде қолданылатын қауіпсіз тағам ингредиенті және кейбір кірді кетіре алады. Алайда, Coca-Cola тазартқыш емес. Яғни, сусын болғандықтан, бактерияларды тиісті деңгейде өлтіре алмайды. Бұған қоса мұндай мәселені әлдеқайда жақсы шешетін көптеген өнім бар”.

Фосфор қышқылы (ортофосфор қышқылы) – бұл E338 танымал тағам қоспасы. Мұны неғұрлым қоюланған түрде тотты кетіру үшін де қолданады. Осылайша, мәлімдеме негізінен шындыққа жақын. Бұған қоса, Coca-Cola сантехниканы тазалаған кезде тиімді екенін өндіруші де мойындайды. Алайда, қышқылдың жеткілікті мөлшері бар кез-келген өнім ластанған кездерде осындай әсер берер еді. Бұл сусынның тиімділігі туралы және фосфор қышқылының (немесе басқа да қышқылдар) тиімділігі туралы мәлімдеме бір-біріне ұқсас.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz