Clubhouse Android-та іске қосылды

Clubhouse әлеуметтік желісі қосымшаның Android-қа арналған сынама нұсқасын жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz Android Police сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазір бұл бағдарламаға тек бірнеше қолданушылар ғана кіре алады. Компанияның хабарлауынша, алдағы аптада Android жүйесіндегі Clubhouse қосымшасын көптеген қолданушылар пайдаланады. Барлық қолданушыға қосымшаның қашан қол жетімді болатыны белгісіз. Сарапшылардың сөзінше, бағдарлама барлық пайдаланушыға жақын арада қол жетімді болады.

«Біз бірнеше қолданушыларға арналған бета нұсқасын жасадық. Егер Android қосымшасында Clubhouse-ты пайдаланатын біреуді еститін болсаңыз, оларды жылы қарсы алыңыз! Біз алдағы апталарда Android қолданушыларын Clubhouse-қа шақырамыз.»

Clubhouse сайтындағы хабарлама.

2020 жылдың сәуірінде Пол Дэвисон мен Рохан Сет Clubhouse қосымшасын іске қосты. Қосымшаға шақыру жіберілсе ғана қолдануға болады. Бұған дейін iOS қолданушыларына ғана қол жетімді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz