Charlie Hebdo журналы Нотр-Дам шіркеуіне карикатура шығарды

Францияда апта сайын шығатын сатиралық Charlie Hebdo журналының сейсенбі күнгі мұқабасы Нотр-Дам шіркеуінде болған өртке салынған карикатурамен шықты деп хабарлайды «Ведомости»

Журнал мұқабасында  «реформалар» сөзі және Франция президенті Эммануэль Макронның басында өртеніп жатқан шіркеу бейнеленген. Макрон  «мен реформаны ғимараттардан бастаймын» дейді.

Нотр-Дам шіркеуіндегі өрт сәуірдің 15-і кешке басталды. Өрт ғимараттың шатырында тарап, нәтижесінде төбесі, сағат мұнарасы және шатырдың көп бөлігі опырылып түскен. Өрт кеше таңертен сөндірілді.

Өрт сөндірушілер шіркеудің қаңқасын және екі мұнараны аман алып қалды. Макрон «бүгінгінің үздік құрылысшыларының» көмегімен шіркеуді қайта қалпына келтіруге сөз берді. Францияның мәдени мұраны сақтау мемлекеттік қоры құрылысқа қаражат жинауды бастады.  

Эммануэль Макрон президенттігін бастағаннан бері Францияда экономикалық ауқымды реформалар өткізуге тырысты. Реформалардың кейбірі жаппай наразылық тудырды. Мысалы, «сары жилеттілер бүлігінің» нәтижесінде салық реформасы кейінге шегерілді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz