БҰҰ Украинада кемінде 124 зорлау фактісі болғанын хабарлады

Ресей Украинаға басып кіргелі зорлаудың кемінде 124 фактісі тіркелді. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының сексуалды зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі Прамила Паттен хабарлады.

Алайда Прамила Паттен қолда бар деректің соғыс кезіндегі зорлау фактісін толық көрсетпейтінін айтты.

Украиналық құқық қорғаушылар да соғыс кезінде зорлау фактілерін анықтап, тергеу қиын екенін растады. Украинадағы азаматтық бостандық орталығының басқарма басшысы Александра Матвичуктың сөзінше, зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдар бұл жайлы құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға және құқық қорғаушыларға да айтпайды.

Сонымен қатар, есепте зорлау фактісі өте көп болғандықтан барлығын бірдей тез тексеру мүмкін емес екені жазылған. Украинаның Бас прокурорының мәліметінше, осыған ұқсас жағдай бойынша 15 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген.

Бұған қоса, біраз тұрғынның құқық қорғау органдарына болған жайт туралы хабарлауға физикалық мүмкіндігі жоқ.

Украинадағы азаматтық бостандық орталығының мәліметінше, 24 ақпаннан бері соғыс кезіндегі 8900 қылмыстық жағдай тіркелген.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz