БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинадан 9 млн адам кетті

Ресей Украинаға соғыс ашқалы Украинадан 9 миллионнан астам адам кетті. Бұл туралы БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігіне сілтеп, Reuters сайты хабарлады.

Еуроодақ елдерінің арасынан ең көп украиналық босқынды қабылдаған Польша. Мұнда 11 шілдедегі ақпаратқа сай, 1 221 596 босқын тіркелген. Сонымен қатар, шамамен 900 мың адам Германияда, 391 мың босқын Чехияда, ал Италия мен Түркияға 150 мың адам келген.

Бұған қоса, Молдова, Румыния және Словакияда шамамен 80 мың босқын бар. Ал Ресейде 12 шілдедегі дерек бойынша, Украинадан 1 625 531 босқын келген.

БҰҰ Босқындар жөніндегі агенттігі жүргізген сауалнамаға сәйкес, Еуропаның алты елінде, баспана алған украиналықтың көбі соғыс аяқталған соң Украинаға қайтуды қалайды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz