БҰҰ Өзбекстан билігін Қарақалпақстандағы оқиғаны әділ тергеуге шақырды

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің басшысы Мишель Бачелет (Michelle Bachelet) Өзбекстан билігін Нүкістегі митиң кезінде зорлық-зомбылық пен адам өлімі фактілерін әділ тергеуге шақырды. Бұл туралы Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Бачелет Өзбекстан билігін “сабырлық танытуға, ұсталғандарға адвокат тағайындауға және олардың әділ сотқа деген құқығын сақтауға” шақырды.

Өзбекстан Бас прокуроратурасының мәліметінше, Нүкістегі шерушілер мен қауіпсіздік күштерінің өкілдері арасындағы қақтығыс кезінде 18 адам қаза тапты, 243 адам жарақат алды.

Бірақ Біріккен ұлттар ұйымының дерегінше, Қарақалпақстандағы митиң кезінде зардап шеккендер саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Контекст

  • Өзбекстанның ресми дерегінше, жараланған 243 адамның 38-i құқық қорғау органының қызметкері. Бұған қоса, 149 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. 94 адам ауруханада жатыр, оның ішінде ауыр жараланғандар бар.
  • Оған қоса, шілденің 3-інен 4-іне қараған түні коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін 110 адам ұсталған. Жалпы 1-2 шілдеде 516 адам ұсталған, олардың кейбірі әкімшілік жазаға тартылды. Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz