БҰҰ: Қытай қамаудағы діни азшылық өкілдерінің дене мүшелерін күштеп алады

БҰҰ сарапшылары Қытай түрмесінде отырған этникалық және діни азшылық өкілдерінен ағзасын күштеп алатынын хабарлады. Сарапшылар мұндай ақпаратты “сенімді” дереккөзден алғанын айтты. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Қытайдың әртүрлі аймағында қамаудағы этникалық және діни азшылық өкілдерінің ағзасын күштеп алынып жатыр. Оларды қамауға алу туралы бұйрық болмаса да, еш себепсіз ұстап әкетеді.

БҰҰ сарапшыларының мәлімдемесі

БҰҰ сарапшыларының пікірінше, ең көп алынатын дене мүшелерінің тізімінде жүрек, бүйрек, бауыр және көздің қабығы бар. Мұндай әрекеттер тыйым салынған Фалуньгун қозғалысының мүшелеріне, ұйғырларға, тибеттерге, мұсылмандар мен христиандарға қатысты жасалады.

Ал Қытайдың Женевадағы өкілі БҰҰ сарапшыларын “жала жапты” деп, Пекиннің мұндай айыптауды үзілді-кесілді қабылдамайтынын айтты. Ресми өкілдің айтуынша, сарапшылар сепаратистер мен Фалуньгун қозғалысы тарапынан Қытай жайлы дезинформацияның құрбаны болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz