БҰҰ басхатшысы Киевке келген тұста қалаға шабуыл жасалды

БҰҰ Бас хатшысының Киевке ресми сапарымен келген тұста Украина астанасына зымыранмен шабуыл жасалды. Бұл туралы Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк туиттер парақшасында хабарлады.

Украина билігінің айтуынша, шабуыл Ресей зымырандарымен жасалды.

БҰҰ Бас хатшысының Киевке сапары барысында Украина астанасына зымыранмен атқылау. Бір күн бұрын [Гутерриш] Кремльде ұзын үстелде отырған еді, ал бүгін одан бір шақырым жерде жарылыс болды. Бұл Мәскеуден келген ашықхат па? Неліктен Ресей әлі күнге дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше?

Михаил Подоляк, Президент Кеңсесі Басшысының кеңесшісі

BBC орыстілді қызметі Украинаның Төтенше жағдайлар Министрлігіне сілтеп, екі зымыранның біреуі тұрғын үйге түскенін жазды. 25 қабатты тұрғын үйде зымыран соққысынан өрт шығып, бірінші және екінші қабат зақымдалған. Нәтижесінде 10 адам зардап шеккен, бес адам құтқарылды.

Киев мэрі Виталий Кличко хабарлауынша, Шевченков ауданындағы атыс салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта зардап шеккендерді іздестіру жалғасып жатыр.

Контекст

7 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді Адам құқығы кеңесіненен шығару туралы шешім қабылдады. Бұған Ресейдің Украинаның Буча қаласына жасаған әскери қылмыстары себеп болған. 

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz