БҰҰ әскери тұтқындарды азаптау фактілерін тергеуге шақырды

БҰҰ Украина мен Ресей билігін әскери тұтқындарды азаптау фактілерін тергеуге шақырды. Бұл туралы СNN сайты хабарлады.

БҰҰ-ның Украинадағы адам құқықтарын бақылау миссиясының басшысы Матильда Богнердің айтуынша, ұйым екі тарап жақтан жарияланған барлық материалды тексеріп жатыр. Сонымен бірге, Ресей мен Украинаны халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес міндеттемелерді орындауға шақырды. Бұған қоса, ұйым бұл жағдайға алаңдайтынын және мұндай әрекетті тез арада тоқтату керек екенін айтты.

Өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде украиналық әскерилердің ресейлік тұтқындарды азаптағаны түсірілген видео тарады. Тергеу кезінде олар тұтқындардың басына қап кигізіп, бірнешеуінің аяғына оқ атқан. Видео қашан және қайда түсірілгені белгісіз.

Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Киевтің тез арада тергеу жүргізетінін хабарлады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Ресей билігі бұл жаңалықтан хабардар екенін айтты. Оның сөзінше, “видеоға құқықтық бағалау берілген соң, тұтқындарды азаптағандар міндетті түрде қудаланады”.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz