БҰҰ әлемдегі азық-түлік тапшылығы жайлы есебін жариялады

2021 жылы әлемде шамамен 2,3 млрд адам адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Оның ішінде кем дегенде 702 миллионы аштыққа ұшырады. Бұл туралы БҰҰ-ның Азық-түлік және тамақтану қауіпсіздігі жайлы есебінде айтылды.

Есепке сәйкес, әлемде әйелдердің 31,9 пайызы және ерлердің 27,6 пайызы тамақ жетіспеушілігіне жиі тап болады.

Бес жасқа дейінгі 45 миллионға жуық бала әлсіреуден зардап шегіп жатыр. Мұндай жайт, тамақтанбағандықтан өлімге әкелуі мүмкін. Бұл әлем бойынша барлық баланың 6,7%-ін құрайды. Сонымен қатар, сол жастағы 39 миллион балада немесе 5,7%-інде семіздік тіркелген.

Аштықтан зардап шеккендердің жартысынан көбі Азияда, үштен бірі Африкада, ал қалғаны Латын Америка мен Кариб бассейнінде тұрады.

Контекст

  • COVID-19 пандемиясы басталғалы жағдай нашарлаған. БҰҰ дерегінше, Украинадағы соғыс пен климаттың өзгеруіне байланысты одан сайын ушықты. Ресей мен Украина — дәнді, майлы дақылдар мен тыңайтқыштардың әлемдегі ең ірі өндірушісі. Сонымен қатар, соғыс әлемдегі азық түлікті жеткізуге, сонымен қатар, астық бағасының өсуіне алып келген.
  • Есеп авторларының болжауынша, 2030 жылға дейін әлемде экономика тұрақталса да, әлемдегі 8% адам әлі де аш болуы мүмкін.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz