BRYCA зерттеуі | Тамызда Орталық Азия елдерінде қандай фейктер тарады?

BRYCA жобасының тамыз айындағы зерттеу қорытындысы бойынша, Орталық Азия елдерінің медиа кеңістігінде жалған ақпарат жиі тараған. Factcheck.kz әріптестеріміз дайындаған материалды өз оқырмандарымен бөліскелі отыр.

Өзбекстан

Өзбекстанның ақпарат құралдарында пандемияға қатысты жалған мәліметтер жиі кездесетініне қарамастан, олардың мазмұны да жиі өзгеріп жатыр. Қазіргі таңда вирусты қалай емдеуге болатыны туралы көп айтылмайды. Бірақ әр адамның үйінен табылатын емдік тәсілдермен вирусты емдеуге болатыны айтылып жатыр.

Тамыз айында ақпараттың көбі: заң бұзуға байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қатысты схемалар және медицина қызметкерлерінің, фармацевттердің, шенеуніктердің әрекеттері туралы болды. Бұрын басқа елдердегі алаяқтардың қолданған тәсілі де бар. Бұл туралы толық ақпаратты ANTIFAKE Telegram арнасынан оқуға болады.

Шетелдік ASIA TIMES басылымы «Өзбекстан Президентінің әйелі коронавирусты жұқтырды» деген тақырыппен материал жазды. Бұл жаңалықты басқа басылымдар жарияламады. Қазіргі уақытта фактчекерлер ақпараттың рас-өтірігін тексеріп жатыр.

Қазақстан

Тамызда коронавирусқа байланысты жаңа фейк ақпараттар тарап, Facebook топтардың бірінде «арақ коронавирусты жарты минутта өлтіреді» деген хабарлама жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігі судың улануына байланысты үш аудиохабарды жалған екенін мәлімдеді. WhatsApp-та су мен газдалған сусындардан сақ болуға үгіттеген және “су арқылы жастарды, сонымен қатар кішкентай балалардың барлығын улайды” деген жалған ақпарат тарады.

WhatsApp мессенджерінде 19 тамызда Қазақстанда теле және радио хабар таратудың уақытша тоқталуын 5G желісінің қосылуымен байланыстырған аудиожазба жылдам тарай бастады. Жазбада “желінің баланы өлтіретін қорқынышты нәрсе екенін” айтып, 25-не дейін Wi-Fi, теледидарды өшіріп, телефонды алыс ұстауға кеңес берді.

“Қазтелерадионың” ресми мәліметі бойынша, теле және радио хабарларын таратуды жоспарлы түрде уақытша тоқтауы – жоспар бойынша жасалатын профилактика жұмысы.  Мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Ол күні 5G желісін қосу жоспарда болмаған. Оған қоса, 5G технологиясының адам денсаулығына зияны мен өлімге әкелетінін дәлелдейтін бірде бір зерттеу жоқ.

Қырғызстан

Қырғызстанның WhatsApp қолданушылары “ұшақпен дәрі шашу туралы” аудиохабарламаны жиі таратты. Сонымен қатар дәріні балаларға әдейі себіліп жатқаны айтылған. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі ұшақтан Бішкекте «дәрі шашу» туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде коронавирусқа қарсы препарат туралы тағы бір жаңалық жарияланды. Үндістаннан келген зерттеушілер В12 дәрумені коронавирустың таралуын тоқтататынын анықтадымыс. Ол вирустық жасушалардың репликациясын тежей алады. Бірақ дереккөзге сілтеме жасалмаған, ғылыми сайттарда талқыланбаған.

Тәжікстан

Тәжікстанның Facebook топтарында ДДСҰ-ның “әлем бойынша COVID-19 пандемиясына байланысты карантин енгізбеуге шақырғаны туралы” хабарламасы жарияланды. ДДСҰ әлем елдерін карантиннен бас тартуы туралы ресми сайтында және ұйым өкілдерінің мәлімдемелерінде айтылмағанын Factcheck.tj анықтады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz