Бір жылда кедейлік деңгейі 21 процентке өсті | Рас па?

17 ақпанда Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров елдегі кедейліктің өсіп жатқанын, әсіресе ауылдағы жағдайдың қиын екенін айтты. Бұл туралы baq.kz жазды. Сондай-ақ, “Еңбек” бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарын несилендіру үшін бөлінетін қаржыны да атап көрсетті. Тексеріп көрейік.

Ресми деректер Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 065 000  адамнан асқандығын көрсетеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда, кедейлік деңгейі 21%-ға өсіп отыр. 

Ерлан Саиров, мәжіліс депутаты

Үкім: Үкім жоқ

Депутат мәлімдесінде нақты уақытты айтпаған. Сол себепті 2019 жыл мен 2020 жылдың әр тоқсанындағы мәліметті жеке-жеке салыстырып көреміз.

ҚР Статистика комитетінің дерегінше, 2020 жылдың 4-тоқсаны бойынша табысы ең төменгі күнкөрістің деңгейінен төмен азаматтар саны 858 454 болса, 2019 жылдың осы тоқсанында 465 594 адам болған. 2019 жылдың 4-тоқсанынан, 2020 жылдың 4-тоқсанына дейін елдегі кедей азаматтардың саны 46%-ға өскен.

Бір жылда кедейлік деңгейі 21 процентке өсті | Рас па?

2020 жылдың 3-тоқсанында елдегі күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 1 065 179 (5,7%) болса, 2019 жылдың дәл осы уақытында 843 042 (4,5%) болған. 2019 жылдың үшінші тоқсанынан 2020 жылдың үшінші тоқсанына дейінгі аралықта кедейлер саны 21% өскен. Байқағандай депутат айтқан мәлімдеме екі жылдың 3-тоқсанындағы мәлімдемен сәйкес келіп тұр.

Екі жылдың 2-тоқсаны бойынша елдегі күнкөріс деңгейі төмен азаматтардың саны 25%ға артқан болса, 1-тоқсанында 1,5%-ға кеміген.

«Еңбек» бағдарламасының несиелендіру бағыты бойынша 2020 жылы ауыл тұрғындарына 43,3 млрд теңгеге 11 294 мыңға жуық несие берілді.

Ерлан Саиров, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындық

ҚР Премьер-министрдің ресми сайтында жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында 2020 жылы шағын несиелендіруді қаржыландыру көлемі 54,2 млрд теңге болды. Соның ішінде 43,3 млрд теңге ауыл тұрғындарына тиесілі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы ауыл тұрғындарына «Еңбек» мемлекет бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 11,2 мың микрокредит ауыл тұрғындарына берілген.

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысқан. Оның 437, 3 мыңы жұмысқа орналасып, 319, 2 мыңы – тұрақты жұмысқа тұрған.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz