Бес қаладан жалған вакцина паспортын сатқан медқызметкерлер ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қаласында коронавирусқа қарсы вакцина паспортын заңсыз сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа да адамдарды анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік “жалған құжат жасау” бабы бойынша (Қылмыстық кодекстің 385-бабы) 7 іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізе бастады.

Агенттіктің дерегінше, 37 адамға жалған вакцина паспорты берілген. Бұған қоса 12 адам жалған құжат жасау ісі бойынша күдікке ілінді. Олардың арасында 8 медицина қызметкері бар.

Медицина қызметкерлері жалған вакцина паспортын 5 000-нан 30 000 теңгеге дейін сатқан.

Азаттық радиосының жазуынша, 6 тамызда полиция 2021 жылдан бастап “жалған құжат жасау бойынша” 110 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған. 60-ы – ПТР-тестті қолдан жасау, 50-і вакцинаның жалған паспортымен байланысты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz