Белсенді Нұрәлі Әйтеленов журналист Махамбет Әбжанды босатуды сұрады

Алматыда белсенді Нұрәлі Әйтеленов қамауға алынған астаналық журналист Махамбет Әбжанды босатуды талап етіп, пикет өткізді. Бұл туралы “Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы” хабарлады.

Нұрәлі Әйтеленов «Abzhan news» телеграмм ақпараттық арнасының негізін қалаушысы, журналист Махамбет Әбжанды қорғау үшін Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің алдында 5-тамыздан бері екі сағаттан тұрған. Белсенді пикетті видеоға түсіріп, желіде тікелей эфир өткізген.

Бюро дерегінше, Алматы әкімдігі Әйтеленовтің пикетін өткізуге ресми өтініш түскеннен соң он күннен кейін рұқсат берген. Әкімдік қызметкерлері пикет тақырыбы, орны, ұзақтығына қатысты еш ақпарат сұрамаған.

Контекст

  • Маусымның басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Махамбет Әбжан компромат ақпаратын жарияламау үшін жергілікті кәсіпкерден 50 миллион теңге талап етіп, оны бопсалады деген күдікке ілінді” деп мәлімдеген.
  • Махамбет Әбжанның адвокаты Бауыржан Азанов журналист бұл айыптауды жоққа шығарғанын хабарлаған.
  • 7 шілдеде “Журналистерді қорғау комитеті” халықаралық үкіметтік емес ұйымы Қазақстан билігін журналисті дереу босатып, медиа қызметкерлеріне қысым жасамауға шақырды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz