Беларусьтегі митиң жайлы жиі жазған Tut.by сайты бұғатталды

18 мамырда Беларусь құқық қорғау органдары Tut.by кеңсесінде тінту жүргізді. Бұл жағдайдан кейін Tut.by сайты бұғатталды. Портал басшылығы үстінен “салық төлемегені үшін” қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Беларусьтің мемлекеттік бақылау комитеті хабарлады.

Қаржы зерттеу департаментінің қызметкерлері Tut.by сайтының Минскідегі орталық және аймақтық кеңсесінде тінту жүргізді.

Департамент қызметкерлері портал құрамына кіретін бірнеше редакторларға, соның ішінде бас редактор Марина Золотованың үйіне келген. Қазіргі уақытта Золотованың қайда екені белгісіз. Сонымен қатар, Tut.by сайтының Минскідегі кеңсесі жабық. Ал жұмысшылар хабарламаға жауап бермейді. Мұндай тергеу hoster.by және автомобиль сататын — av.by сайтында да жүргізілді.

Контекст

  • Tut.by сайты былтыр тамызда жиілеген митиңнен хабар таратқан. Ал желтоқсанда наразылық акциясынан жиі хабар таратқаны үшін БАҚ лицензиясынан айырылды.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz