Беларусьте Euronews арнасы хабар таратуды тоқтатты

12 сәуірде Беларусь ақпарат министрлігі республика аумағында хабар таратуға рұқсат алған шетелдік БАҚ тізімінен Euronews шетелдік телебағдарламасын алып тастады. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, Euronews арнасының ақпарат таратуға мерзімі аяқталған. Сонымен қатар, мұның орнына Ұлы Отан соғысы туралы ақпарат тарататын “Победа” арнасы жұмысын бастайды. «Победа» – бұл Ұлы Отан соғысы туралы, Ресейдің Бірінші арнасы фашистік Германияны жеңудің 75 жылдығына арнайы ашқан телеарнасы.

Өткен аптада Беларусьте жаңа ақпарат министрі  — Владимир Перцов тағайындалды. Ол тағайындалғаннан кейін «мемлекеттік мазмұнға» көңіл бөліп, басымдық беретінін мәлімдеген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz