Беларусьте билікті сынаған каналдарды «экстремистік» деп таныды

Беларусь билігі Telegram және YouTube желісіндегі «Наш дом» және «Игорь Макар» каналын «экстремистік арналардың» тізіміне енгізді. Бұған дейін елде он шақты Telegram парақшасы «экстремистік» деп танылған. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

18 мамырда Минск қаласының орталық аудан сотының шешімімен “Наш дом”, “Игорь Макар” телеграм каналы және “Наш дом ТВ” мен “Игорь Макар” youtube арнасы тыйым салынған тізімге енді. Бұған ІІМ ГУБОПиК материалдары негіз болды

Беларусь ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасынан

ІІМ-нің хабарлауынша, осы арналарда жарияланған материалдар орталық сайлау комитетіннің жұмысын тұрақсыздандыруды, мемлекеттік органның заңды қызметіне кедергі келтіруді, сонымен қатар, қорлайтын түсініктемелерді қамтиды.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, телеграм мен ютуб арнаcының авторы «заңсыз митиңке, жаппай тәртіпсіздікке шақырып, мемлекеттік орган өкілдері арасында әлеуметтік араздық» тудырды.

Енді осы арналардың авторлары ақпарат жарияласа әкімшілік жауапкершілікке тартылып немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Контекст

  • Бұған дейін, 2020 жылы тамызда Беларусь соты «президент сайлауының нәтижелерін бұрмалауға қарсы» жаппай наразылықты жариялаған он шақты телеграмм арналарды «экстремистік» деп таныған.
  • 18 мамырда Беларусь құқық қорғау органдары Tut.by кеңсесінде тінту жүргізді. Бұл жағдайдан кейін Tut.by сайты бұғатталды. Портал басшылығы үстінен “салық төлемегені үшін” қылмыстық іс қозғалды. Tut.by сайты былтыр тамызда жиілеген митиңнен хабар таратқан.
  • Батыс елдері 9 тамызда өткен президент сайлауының ресми қорытындысын мойындамады.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz