Беларусь студенттері наразылыққа шықты

Минск студенттері Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы наразылыққа шықты. Беларусь ұлттық техникалық университеті мен Беларусь мемлекеттік информатика университетінің студенттері Тәуелсіздік даңғылына 1 қыркүйек күні таңертең жиналды. Милиция оларды тұтқындай бастады.

https://twitter.com/tutby/status/1300708508376207360

Студенттер Козлова, Карл Маркс, Тәуелсіздік көшелерінің бойымен жүрген. Арнайы жасақ оларды Жеңіс алаңында ұстады. ТАСС ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, шамамен 20 тәлімгер ұсталған. “Весна” құқық қорғау орталығының мәліметінше, 16 адамның аты-жөні белгілі. Олар студенттер, оқытушылар және журналистер. Сонымен бірге президент сайлауы нәтижесімен келіспейтін студенттер оқу орындарының алдында пикет өткізіп жатыр. Кейбір студенттер “Студенттер халықпен бірге!”, “Біз нашақор емеспіз” деп ұрандатты.

Контекст

  • Естеріңізге сала кетейік, 9 тамызда Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижесіне халық наразылық білдіріп жатыр. Олар ресми хабарланған дерекке сенбейді.
  • Батыс елдері 9 тамызда өткен президент сайлауының ресми қорытындысын мойындамады.
  • 27 тамызда Лукашенко наразылық акциясына қатысатын студенттерді әскерге жіберемін деп қорқытты.
  • 10 тамызда жарияланған ОСК (Орталық сайлау комиссия) мәліметі бойынша, сайлауда 80% – дан астам дауыс жинаған қазіргі президент Лукашенко жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Светлана Тихановская шамамен 11% дауыс жинады.
  • Ал 11 тамызда Литваның Сыртқы істер министрі Линас Линкявичус “Тихановскаяға еш қауіп жоқ, ол Литвада” деп хабарлады.
  • Лукашенконы қайта сайлануымен бірінші болып Қытай президенті Си Цзиньпин және ТМД елдерінің басшылары құттықтады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz