Беларусь | Мемлекеттік телеарна қызметкерлері ереуілге шықты

Белтелерадиокомпания басқаратын Беларусьтегі ірі мемлекеттік телеарна қызметкерлері ереуілге шығып, жалпыхалықтық шеруге қосылды. Бұл туралы TUT.by хабарлады.

Белтелерадиокомпания ғимараты алдына ондаған жұмысшы жиналған. Бұған дейін олар компания басшысы Иван Эйстмонға арналған хабарламаға қол қойған. Хабарламада ОСК шешімін жарамсыз деп санауды және оның басшысы Лидия Ермошинаның орнынан кетуін, саяси тұтқындарды босатуды және БАҚ-тағы цензураны алып тастауды талап еткен.

Сонымен қатар, ереуілге ОНТ және СТВ арналарының қызметкерлері де шыққан. Олардың басты талабы — азаматтарға күш көрсету мен зорлық-зомбылықты тоқтату.

Контекст

9 тамызда Белорусьте президент сайлауы өтті. ОСК деректері бойынша, Александр Лукашенко халықтың 80,1% дауысын жинап жеңіске жетсе, оның басты қарсыласы Светлана Тихановская 10,12% дауыс жинаған. Лукашенко бір аптадан асқан ереуілді бастапқыда барынша жаншуға тырысқан. Бір адам қаза тауып, жүздеген демонстрант тұтқындалған.

Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы