Беларусь билігі Азаттықтың Беларусь қызметінің сайтын “экстремистік” деп таныды

Беларусь ішкі істер министрлігі Азаттықтың Беларусь қызметінің (Радыё Свабода) сайтын “экстремистік” деп таныды. ІІМ сайтында Радыё Свабода “экстремистік іске қатысы бар” дегендердің тізіміне қосылған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Желтоқсанның басында Минскідегі сот Азаттықтың Беларусь қызметінің желідегі аккаунттарын “экстремистік” деп тапқан. Беларусь режимі елдегі ірі тәуелсіз қоғамдық-саяси басылымдардың телеграм-каналдарын “экстремистік материалдар” тізіміне қосқан еді.

Сол кезде Азат Еуропа Азаттық радиосының президенті Джейми Флай сот шешімін сынап, редакция беларусь халқына шынайы ақпарат ұсынуды жалғастыра беретінін айтқан.

2020 жылы тамызда елде өткен президент сайлауынан соң жұрт нәтижемен келіспей жаппай жаппай наразылыққа шыққан. Орталық сайлау комиссиясы сайлауда Александр Лукашенко жеңіске жетті деп мәлімдеген еді. Батыс елдері Лукашенконың жеңісін мойындамады.

Елдегі наразылық кезінде Лукашенко режимі жұртты басып-жаншып, басылымдарды, белсенділерді, блогерлерді қудалады. “Вясна” құқық қорғау орталығының есебінше, елде мыңдаған қылмыстық іс қозғалып, 945 адам қамауға алдынды.

Ондаған басылым жабылды, олардың арасында елдегі ең ірі сайт Tut.by бар. 24 қор, телеграм-канал, медиа “экстремистік” деп танылды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz