Бекшин: БАҚ қызметкерлері вакцина егуге міндетті

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 2 шілдеде өткен баспасөз конференциясында БАҚ-тың барлық қызметкері вакцина егуге міндетті екенін айтты. Бұл туралы Vlast.kz сайты хабарлады.

Жандарбек Бекшин Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес халыққа қызмет көрсетумен айналысатын барлық жұмысшылар коронавирусқа қарсы екпе салу қажет екенін мәлімдеді.

Мен тағы да қайталаймын. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын барлығы [вакцина салу қажет]. Сіз маған міндетті емес деп айтқыңыз келе ме? Жоқ, сіз міндеттісіз. Бір күнде сіз көп адаммен кездесесіз, үнемі жаңа адамдар келеді. Сіз Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігерінің 31-қаулысы бойынша жұмыс істеуіңіз керек.

Жандарбек Бекшин

Қызметкерлер вакцина егуден бас тартса аптасына бір рет міндетті түрде ПТР-тест тапсыруы тиіс (соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырған ауырып, жазылған жұмысшыларды қоспағанда).

Сонымен қатар, қаулыда вакцина алу мерзімі жазылған. 15 шілдеге дейін бірінші компонент, ал 15 тамызға дейін екінші дозасын салу қажет.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz