Батыстағы митиңнен хабар таратқан ҚазТАГ және Orda.kz сайттары бұғатталды

Қазақстанның батыс өңірінде митиңнен хабар таратқан ҚазТАГ және Orda.kz сайттары бұғатталды.

Orda.kz сайтының ресми телеграм парақшасында бұғатталғаны жайлы, сонымен қатар, мұндай шектеуге не себеп болғаны белгісіз екені айтылған. Cайт Маңғыстау облысы мен өзге аймақтардағы наразылықтан үздіксіз ақпарат таратты.

Ал ҚазТАГ сайты Ақпарат және қоғамдық министрлігі талабынан соң бұғатталған. Министрлік редакциядан митиң туралы мақаланы өшіруді талап еткен.

ҚазТАГ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің әрекетін Қазақстан Республикасында ресми түрде тыйым салынған цензура актісі деп санайды.

Қазіргі уақытта екі сайттың да жұмысы әлеуметтік желі арқылы жалғасып жатыр.

Factcheck.kz, Vlast.kz, The Village Қазақстан және “Уральская неделя” сайттары Orda.kz және ҚазТАГ сайтын сот шешемінсіз бұғатталуын ҚР Конституциясында тыйым салынған цензураны қолдану деп санайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz