Балтық елдеріндегі журналистік зерттеу: шындыққа сұраныс жоғары

Балтық елдерінде журналистік зерттеуге сұраныс артуда. Бұл жайлы GIJN директорлар кеңесінің мүшесі, Internews-тегі медиа мәселелері жөніндегі кеңесші Олег Хоменок Global Investigative Journalism Network сайтында жарияланған мақаласында айтады.

Балтық елдері несімен бай?

Сарапшының айтуынша Балтық елдері, Эстония, Литва, Латвия, соңғы 5 жылда журналистік зерттеумен қарқынды айналысуда. Хоменок мұны демократиялық реформалардың жетістігімен және ресей-украина қақтығысы сияқты факторлармен байланыстырады.

Литва: журналистік зерттеудің рейтингі жоғары

Хоменок зерттеуге арналған телебағдарламалардың атын атады, біраз бөлігі қоғамдық арналарда көрсетіледі. Литвада LRT Tyrimai бағдарламасы 2018 жылдың тамыз айынан бастап  литвалық қоғамдық арнада көрсетіле бастады. Аудиториясы Литваның барлық телекөрермендерінің 10% құрайды. Соңғы жұмыстарының бірі Қырымдағы санкцияларды айналып өтетін литвалық бизнесті зерттеуге арналған.

Сонымен қатар, “15 min” ақпараттық коммерциялық онлайн порталдың зерттеу бөлімі бар. Бұл бөлім жемқорлық, қызмет бабын асыра пайдалану және әлеуметтік мәселелерді зерттеумен айналысады.

Латвия: жобалардың алуандығы

Латвияда екі жоба бар. De facto – жемқорлықты, қызмет бабын асыра пайдаланушыларды  әшкерелейтін және саясатқа арналған апта сайын щығатын бағдарлама. Бағдарлама барысында жүргізушілер көрерменге  4-5 сюжет ұсынады.

Екіншісі апта сайын шығатын, журналистік тәжірибелерге негізделген 50 минуттық Aizliegtais paņēmiens («Тыйым салынған әдістер») бағдарламасы. Бағдарламада 30-35 минуттық сюжет көрсетіледі. Ал жүргізушілер, басты кейіпкерлер және лауазымды тұлғалар сюжетте көрсетілген зерттеу барысында анықталған мәселелерді талқылайды. Жоба 2014 жылы ашылды, жылына 40 шақты бағдарлама шығады.

Журналистер алты ай бойы бистро асханасын ашып, тіркеу үшін кімге және қашан қанша пара беруге мәжбүр болғанын зерттеді. Сондай-ақ  кәсіпорындар салық төлеуден қалай жалтаратынын анықтады. Бұл үлкен резонанс тудырған зерттеудің нәтижесінде Operācija «Bistro Frics» 5 сериялы сюжет жасалды.

Тағы бір 50 минуттық Nekā Personīga телевизиялық жобасы жекеменшік телеарнада көрсетіледі. Бұл бағдарлама басқа қоғамдық арнада шығатын журналисттік зерттеулерге бәсекелес. Бағдарлама барысында жүргізушілер тақырыпқа байланысты бірнеше сюжет ұсынады. Латвиялық Приватбанкті сатып алу оқиғасы жайлы бірнеше мысал бар.    

Эстония: зерттеулер бағдарламалардың рейтингі жоғары

Эстонияның қоғамдық телеарналарында орыс және эстон тілінде журналистік зерттеуге арналған екі бағдарлама жарыққа шығады.

Pealtnägija («Куәгер») – эстон тілінде, бір немесе екі сюжеттен тұратын 50 минуттық бағдарлама. Тақырып ауқымды болған жағдайда бағдарламаның хронометражы ұзартылады да, зерттеу документалды фильм форматында ұсынылады. Бағдарлама редакторы Mihkel Kärmas-тың айтуы бойынша Pealtnägija эстония телевизиясындағы рейтингі жоғары және 200 мыңдай көрермені бар жоба. Бір сюжет 2-3 апта көлемінде дайындалады, ал кейбір зерттеулер бір жылға созылады.

Insight («Инсайт») апта сайын орыс тілінде шығатын 24 минуттық бағдарлама. Бағдарлама жүргізушісі Дмитрий Пастухов зерттеуге қатысты екі сюжет көрсетеді. Зерттеу тақырыптары әр түрлі: әлеуметтік мәселелерден бастап жемқорлықты және қылмысты ашуға дейін. Соңғы зерттеулердің бірі Украина мен Қырым мәселесіне арналған. Журналистердің айтуынша эстондық турфирмалар 4 жыл бойы санкцияларды айналып өтіп түбекке жолдамалар сатқан. Эстониялық құқық қорғаушылар бұл жайлы ештене білмеген.

Олег Хоменок шолу мақаласын “қоғам әлеуметтік мәселелердің кәсіби журналистердің түсіндіргенін қалайды. Сол себепті аты аталған елдердің қоғамдық арналарында журналистік зерттеу жобалары көп” деп қорытындылады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz