Байденнің көмекшісі: Навальный қайтыс болса, Ресейге шара қолданамыз

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный колонияда қайтыс болса, Ресей үшін салдары болатынын мәлімдеді. Бұл туралы CNN сайты хабарлады.

«Біз Ресей билігіне колонияда Алексей Навальныймен болған барлық жағдайға жауап беретінін және халықаралық қоғамдастық алдында жауап беретінін хабарладық. Біз нақты шара қабылдауға қатысты әртүрлі тәсіл қарастырып жатырмыз. Дәл қазіргі уақытта көпшілікке айтпай-ақ қояйын, бірақ Навальный қайтыс болса, оның салдары болатынын айттық», – деді Джейк Салливан.

Контекст

  • Сонымен қатар, 19 сәуірде Еуроодақ елдерінің Сыртқы істер министрлері Алексей Навальныйға қатысты жағдайды қарастыруды жоспарлап отыр.
  • Бұған дейін, «Ив Роше» ісі бойынша Ресей колониясында жазасын өтеп жатқан саясаткер Алексей Навальный аштық жариялап, дәрігерге қаралуды талап еткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz