Байден Facebook-ты коронафейкпен “жеткілікті деңгейде жұмыс істемейді” деп сынады

АҚШ президенті Джо Байден Facebook желісін коронавирус вакцинасы туралы жалған ақпаратпен күресу үшін жеткілікті деңгейде жұмыс істемейді деп сынға алды. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Журналистер Байденнен Facebook секілді компаниялардың вакцина және COVID-19 пандемиясы жайлы жалған ақпарат тарауына қаншалықты әсер еткенін сұрады. Джо Байден “олар адамдарды өлтіреді”, – деп жауап берді. Ол, сонымен қатар, пандемияның тек вакцина екпеген адамдар арасында жалғасып жатқанын айтты.

Facebook-тің ресми өкілі Кевин Макалистер компанияның “дәлелсіз және расталмаған айыптауға алаңдамайтынын” айтты. “Facebook COVID-19 туралы 18 миллионнан астам фейкті жойды және желі ережесін үнемі бұзатын аккаунттарды бұғаттады”, – делінген желі мәлімдемесінде.

Ақ үйдің коронавируспен күрес жөніндегі үйлестірушісі Джефф Зиентс адамдар вакцина егуден бас тартып жатқан соң вирус жұқтырғандар мен өлім санының артқанын айтты.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz