Байден ауамен амандасты ма?

Әлеуметтік желіде және медиада АҚШ президенті Джо Байден ауамен амандасуға тырысты деген әңгіме жиі айтыла бастады. Сәуірден бері тараған ақпарат ағылшын тіліндегі New York Post, Independent, SkyNews секілді медиада, сонымен қатар, ресейлік Российская Газета, Regnum, Москва 24 сайтында да жарияланған.

Байден қайтадан бәрін таңғалдырды. АҚШ президенті ауамен амандасты. Ол елес досы болуы мүмкін.

Compas.info-да жарияланған ақпарат.

Бұған қоса, «Комсомольская правда» “Клиникалық психолог Байден бос кеңістікпен не үшін амандасуға тырысқанын түсіндірді” деген тақырыппен жаңалық жариялаған.

Байден ауамен амандасты ма?
Желіде тараған сурет.

Оқырмандардың сұрауы бойынша және желіде жиі тарауын байланысты ақпараттың қаншалықты рас екенін тексердік.

Үкім: Фейк

Желіде тараған видео немесе фото дұрыс түсіндірілмеген. Видеоның толық нұсқасында басқа ракурстан көруге болады. Яғни, Байден оң жағында отырған аудиториямен ымдап, қолын көтерген. Кейін желі мен жаңалық медиаларында “ауамен амандасты” деген ақпарат тез тарап, манипуляциядан фейк ақпаратқа айналған.

Солтүстік Каролина мемлекеттік ауылшаруашылық және техникалық университеті. 14 сәуір. Джо Байден мәлімдемесінің толық тұсқасы.

Видеоның 53-минутында басқа ракурстан Байденнің қолын қалай және қайда көтергенін нақты көруге болады. Біріншіден, аудиторияға қарай бұрылып, сәл қолын көтеріп, дәл сол қалпында артындағы аудиторияға ымдайды.

Әңгіме мұнымен аяқталмады. Бірнеше күннен соң желіде Байденнің Оберн штатында Сиэтл қаласының маңында жасаған мәлімдемесі тағы да бұрмаланды. Еш өзгеріссіз “Байден ауамен амандасуға тырысты” делінген. Дәл осындай мазмұнмен ресейлік “Первый канал” және “Звезда” арнасы ақпарат таратты.

Тағы да ақпараттың бұрмаланғанын түсіну үшін мәлімдеменің толық нұсқасын көруге кеңес береміз.

Видеоның толық нұсқасында Байден мәлімдемесін аяқтағанын және сол жағында отырған көрермендерді байқауға болады. Президент сондықтан екі жақта да отырған көрерменге сәлемдеме ретінде қолын көтереді. Бірақ бұл жерде ескеретін жайт, артында ұйымдастырушылар бар-жоғын білмеген Байден олармен амандасуды жоспарлаған болуы мүмкін. Ұйымдастырушылардың жоқ екенін байқап, трибунадан кетеді.

Байденнің мәлімдемесінен скриншот.

Желіде тараған хабарламаны қорытындылай келе Байденнің “ауамен амандаспағын” нақты айта аламыз.

Контекст

2021 жылы қазаннан бері әлеуметтік желіде және медиада «АҚШ президенті Джо Байден Рим Папасы Францискті танымал афроамерикалық бейсбол ойыншысы» деп атады деген хабарлама тарады. Сонымен қатар, биыл маусымда кейбір интернет ресурстарда «Байден Рим Папасын афроамерикалықпен шатастырды деген әңгіме жиі айтылды». Factcheck.kz ақпараттың фейк екенін анықтады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz