Азаттықтың Алматы бюросының басшысы Қасым Аманжолды полиция ұстап, кейін босатты

Азаттық радиосы Алматы бюросы міндетін атқарушы Қасым Аманжолды Алматыда полиция ұстап, шамамен екі сағаттан соң босатты.

Алматыдағы “Жетісу” базары маңындағы наразылықты түсіріп, журналистік міндетін атқарып жүрген Қасым Аманжолды журналист құжатын көрсеткеніне қарамастан, полицейлер құралын тартып алып, көлікке отырғызып, Алматыдағы Медеу аудандық полиция басқармасына алып кеткен. Шамамен екі сағаттан соң кешірім сұрап, босатқан.

Қасым Аманжол полиция басқармасында “Жаңаөзендегі халықтың талабын қолдап, наразылыққа шықпақ болып ұсталған” 30 шақты адамды көрген. Полиция олардан жауап алып жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz