Австралиялық веган жұпты ата-ана құқығынан айырғаны рас па?

Көптеген медиа, оның ішінде әлемдік БАҚ өкілдері және «Вечерняя Караганда» инстаграм-газеті ата-аналары тек вегандық тамақ берген сиднейлік қыз туралы хабарлады. Инстаграм-газет оларды ата-ана құқығынан айырылып, 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды деп жазды. Тексереміз.

Австралиялық веган жұпты ата-ана құқығынан айырғаны рас па?
Инстаграм-газеттің скрині

Оған дейінгі оқиға: бала 2018 жылдың наурыз айында уақытша мемлекеттің қарауына жіберілген, сол кезде анасы баланың өті әлсіз және еріндерінің көгергенін байқап, парамедиктерді шақырған. Парамедиктер 19 айлық қыздың салмағы бар болғаны 4,89 кг, түрі үш айлық сәби сияқты және рахиттен қиналып жатқанын анықтаған.

Кейінірек сот құжаттарына сәйкес анықталғаны: бір жарым жастағы бала әлі еңбектемейді және сөйлей алмаған, тісі жоқ  және жалпы дамуы қатарластарынан артта қалып қойған. Кейінірек қыздың иммунизация қабылдамағаны және туылғаннан кейін ешқандай қорытынды тексерістен өтпегені, сонымен қатар оның туу туралы куәлігі мен медициналық сақтандыру картасының да жоқ екені анықталған. Баланы тост, күріш, тофа, сұлы үлпегі және көкөніспен тамақтандырған. Қыз қатаң вегандық диетада болған.

Сотта анасы «вегандық тамақ бергенін қайта-қайта айта берген». Ал әкесінің қорғаушысы әкесі вегандық болмаса да тәрбиелеуге қатысты шешімдердің барлығын анасы қабылдағанын айтты. Қыздың екі ағасы да (4 және 6 жаста) вегандық диетада отырған. Үшеуі де әуелде мемлекеттің қарауына, кейін туысына берілген. Қазір қыз тәуір бола бастады, салмағы 12 кг, бірақ тілі мен моториканың дамуы жағынан әлі де артта қалуда.

Мәлімдеме: Вегандық отбасылық жұпты 300 сағатық қоғамдық жұмысқа тартқан.

Үкім: Шындық

Одан бөлек жұпты тиісті түзетуші мекемелердің қарауындағы жүйелі түзету бағдарламасына жеккен. Қорғаушыларына сенсек, – әкесі веган емес.

Мәлімдеме: Отбасылық жұпты ана-ата құқынан айырды

Үкім: Жалған

Шынында, 22 тамыз күні Сиднейлік Downing Centre district court –та (Даунинг-центр аймақтық соты) жұпқа шешім шығарды. Австралиялық БАҚ өкілдері оқиғаның барысы мен соттың шешімін назарда ұстап, ақпарат таратып отырды. Айыпты деп танылған тұлғалардың аты аталмады, олардың портреттік фотолары да жарияланбады.

9 News репортажында ата-аналардың айыпты деп танылғаны (баланың өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етпеу және ауыр жарақаттау) және 18 ай қамауға алынатыны хабарланды. Дегенмен оларға жазаны тиісті қоғамдық түзету мекемелерінің қарауындағы жүйелі түзету бағдарламасы түрінде алуға рұқсат етілген (Community Corrections). Сонымен қатар әрқайсысы 300 сағат қоғамдық жұмысты атқаруы керек. Репортажда соттың шешімді хабарлап жатқан сәті көрсетілген.

9 News хабарлағандай, сот Сара Хаггет шешімді түсіндіргенде қылмыс байқамай және әдейі жасалмағанын және ауыр жарақат қаупін тудыратынын бірақ өлім қаупі жоқ екенін мәлімдеген.

Ата-ана құқына келер болсақ, сот «түрмеге қамалса, ата-ана балаларының әрқайсысымен маңызды байланыс орнатудан айырылып қалар еді» деді.  Сот шешім шығарарда отбасылық жұпты түрмеге қамау жазасын жеңілдететін факторларды анықтаған: ананың психологиялық денсаулығы (депрессиядан зардап шегеді), ата-ананың өз қатесін түсінуі мен жоғарыда айтқанымыздай әрекетті әдейі істемегендігі. Ата-ана құқынан айыру туралы ештеңе айтылған жоқ.

Болған оқиға австралиялық селебрити-аспаздың қатысуымен үлкен даулы пікірталасқа ұласты.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz