Аустриядағы ауыл: Fucking пе, Fugging пе?

2020 жылдың қараша айында әлеуметтік желілерде Аустрияда екі қалалық жұмысшы Fucking деген елдімекен атауын  Fugging-ге өзгертіп жатқан фотосурет таралды. Snopes.com суреттің қаншалықты рас екенін тексерді.

Аустриядағы ауыл: Fucking пе, Fugging пе?
әлеуметтік желілерде тарап жатқан фото

Аустрияда кейінгі бірнеше ғасырда ағылшын транскрипциясында әдепсіз сөз ретінде оқылатын ауыл бар екен. Дегенмен 2020 жылдың қарашасында 100-ге жуық тұрғыны бар ауыл өз атауын әдептілеу Fugging атауына өзгертуге дауыс берді.

Fuckingers деген атпен танымал жергілікті тұрғындар өздерінің қала белгілерімен суретке түсуге келетін туристерден (немесе одан да жаманы, ауыл атауы жазылған тақтаны кәдесый ретінде ұрлайтындардан) және интернеттегі мазақтан шаршаған. Қарашаның соңында муниципалдық кеңес отырысы жариялаған хаттамасы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Венадан 350 шақырым жерде орналасқан ауыл Фугинг деп аталатын болды.

Мен ауылдың атауы өзгертіліп жатқанын растай аламын. Мен шынымен басқа ешнәрсе айтқым келмейді, бұған дейін бізде осыған қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында дүрлікпе көп болды.

, – деді ауылға иелік ететін муниципалитет Тарсдорф мэрі Андреа Хольцнер.

Жергілікті аңыз бойынша Fucking атауы осы аймақта 6 ғасырда қоныстанған Бавария дворяны құрметіне берілген. Оның Фугинг деген есімі ғасырлар бойы өзгеріске ұшырап, әр уақытта әртүрлі айтылды, бірақ жергілікті диалектіде «Фукинг» деп айтылатын Fucking сөзімен қалды.

Factcheck.kz