Ауғанстанда бұғатталған активтерді қайтаруды талап еткендерге митиң өткізуге рұқсат етілді

Жүздеген ауған азаматы Кабулда митинг өткізіп, Ауғанстанның халықаралық қауымдастық бұғаттаған миллиардтаған долларын қайтаруды талап етті. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Наразылық акциясын өткізуге “Талибан” (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) үкіметі рұқсат берді. Шерушілердің қауіпсіздігін тәліп содырлары қамтамасыз етті.

Шеруге жиналғандар АҚШ-тың Кабулдағы елшілігіне барып, “Біздің де тамақ ішкіміз келеді”, “Бұғаттағы ақшаларды қайтарыңдар” деп ұрандатты.

Тәліптер 15 тамызда Ауғанстан үкіметіне шабуылдаған кезде халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің бірқатары Кабулға тиесілі активтерді бұғаттап, қаржылай көмек беруін доғарды.

“Талибан” бұған дейін өздерін сынаған наразыларға бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермей келген.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz