Ассанждың тұтқындалу себебін қорғаушысы түсіндірді

Джулиан Ассанждың қорғаушысы журналистің қамауға алынуының екі себебін айтты. Оның айтуынша Ассанж кепілдеме шартын бұзғаны үшін және АҚШ-тың экстрадациялау туралы өтінішіне байланысты тұтқынға алынды. Бұл жайлы Twitter парақшасында хабарлады.

Ассанж негізін қалаған WikiLeaks ұйымы өзінің твиттер парақшасында журналисті жарияланымдар үшін АҚШ-қа тапсыру мақсатында тұтқындады деп жазды.  

Скотланд-Ярд Ассанжды АҚШ-тың сұранысымен тұтқындағанын растады.

Лондон полициясының сайтына сәйкес Ассанж сәуірдің 11-і әлемдік Вестминстер сотында қамауда ұсталады.

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және бүгінгі күнге дейін ол жерден шықпаған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz