Ashyq бағдарламасын Kaspi.kz қосымшасы арқылы пайдалануға болады

Қоғамдық орындарға баруға арналған Ashyq бағдарламасын Kaspi.kz қосымшасы арқылы пайдалануға болады. Бұл туралы Kaspi Bank-тің ресми инстаграм парақшасы хабарлады.

Жаңа қызметті пайдалану үшін Ashyq жобасына тіркелген қоғамдық орынның QR-кодын сканерлеу жеткілікті. Сканерлеген соң смартфонда қоғамдық орынға кіруге рұқсат беретін немесе шектейтін ақпарат көрсетіледі.

  • Қауіпсіз – ешқандай шектеу жоқ. Теріс нәтижелі ПТР тест;⁣
  • Бейтарап – ПТР тест міндетті болатын жерлерден басқа шектеу жоқ;⁣
  • Байланыста болған – объектілерге баруға ішінара шектеу қойылған;⁣
  • Инфекция жұқтырған – қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілмейді. Оң нәтижелі ПТР тест. ⁣

Сонымен қатар, қолданушылар QR-кодты сканерлемей кез келген уақытта статусын тексере алады. Ол үшін «Мемлекеттік қызметтер – Ashyq. Коронавирус статусы» бөлімін басу қажет.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz