Арыстандар құтқарған эфиопиялық қыз | Оқиға ойдан құралған ба?

Әлеуметтік желілерде жеті ер адамнан арыстандар құтқарып алған эфиопиялық қыз туралы оқиға кеңінен тарап жатыр. Оқиғаның сюжеті бойынша, жеті ер адам 12 жасар бойжеткен қызды ұрлап, біреуіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлемек болған. Сол кезде үш арыстан оқиғаны бақылап тұрмай күш көрсетушілерді қуып, полиция келгенше баланы қорғап жүрген. Тәртіп сақшылары келгеннен кейін ғана, ары қарай өз жөндерімен кеткен.

Арыстандар құтқарған эфиопиялық қыз | Оқиға ойдан құралған ба?

Бұл әңгіме бірнеше жылдан бері тарап келе жатыр және тек орыстілді сегментте ғана емес. Біздің India Today-дегі әріптесіміз былтыр наурыз айында бұл ақпаратқа қатысты фактчек жасаған болатын. Сөйтсек, 2005 жылдың маусымында бұл сюжет BBC News пен NBC News-те де жарияланған екен.

2005 жылы БАҚ не жазды?

Аталған БАҚ полиция сержанты Вондиму Ведаджоның «таңғажайып» оқиға туралы жергілікті баспасөзге мәлімдеген әңгімесін негізге алған. Сонымен, Вондимудың айтуынша, қызды бір апта бойы жеті ер адам қамауда ұстап, өздерінің біріне тұрмысқа шығуға мәжбүрлемек болған. Оқиға орны – Бита провинциясы.

Вондимудың сөзінше, қызды Аддис-Абебадан оңтүстік-батысқа қарай 560 шақырым жердегі Бита провинциясының негізгі қаласы Женаның маңайынан 9 маусым күні полиция мен туыстары тауып алғанға дейін оны бірнеше рет ұрып-соққан. Арыстандарға келер болсақ:

Біз қызды тапқанша олар күзетте тұрған, біз келгеннен кейін сыйлық ретінде тастады да, орманға кетіп қалды. …егер арыстандар оған көмекке келмегенде жағдай бұдан да нашар болатын еді. Тұрмысқа шығуға көндіру үшін жас қыздарды зорлап, соққыға алатын жағдайлар жиі кездеседі

, деді Вондиму.

Оған қоса Вондиму бәрі мұны таңғажайып оқиға деп ойлайтынын айтты. Себебі әдетте арыстандар адамдарға шабуыл жасайды екен.

Дегенмен, NBC News оқиғаны баяндай келе жабайы табиғат сарапшысы Стюарт Уильямстың пікірін сұраған. Оның болжауынша, таяқ жеген қыздың жылағанын арыстандар теңбілшенің (арыстанның баласы) мяулағаны деп қабылдаған болуы мүмкін. Сол себепті олар қызды жеп қоймаған.

BBC News оқиғаның күдік тудыратынын жазған. Сондай AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып, әлдебір аңшы және подполковник Лемм Легесстің сөзін келтірген: «Олар қызды жеуге дайындалып жатқан болуы мүмкін, бірақ олардың жоспарын полицейлер бұзып жіберген…».

Жалпы, XXI ғасырда ермек үшін аң аулайтын адамдардың сөзіне біз де сенбес едік. Аман қалған қыз полицияға ұрылардың өзін ұрып-соққанын, бірақ арыстандар ешқандай жәбір көрсетпегенін айтты. Біз де бұл аңдардың тектілігіне сеніп келеміз.

Арыстандар құтқарған эфиопиялық қыз | Оқиға ойдан құралған ба?
Бонифаций демалысы мультфильмінің кадры

Ары қарай BBC мен NBC төрт ұрыны қолға түсіргенін, ал үшеуі әлі бостандықта екенін жазған. Сондай-ақ жас қыздарды ұрлау Эфиопияда неке салтының бір бөлігі екені айтылған. БҰҰ бағалауынша, Эфиопиядағы 70% неке ұрлаудан кейін қиылады. Негізінен дәстүр ел тұрғындарының көп бөлігі тұратын ауылды жерлерде жиі кездеседі.

Қорытынды: арыстандар қызды құтқару мақсатымен күзетті деу дұрыс емес, бірақ олар бұл оқиғаға жағымды әсер қалдырады. Сол себепті біз «Жартылай шындық» деген үкім қоямыз.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz