Арыстағыдай: Ачинсктағы жарылыс жайлы жалған ақпарат 

Ресей Қорғаныс министрлігі Ачинск маңындағы оқ-дәрілері бар әскери қоймадағы өртті сөндірудің аяқталғаны туралы есеп берді. Ridus хабарлауынша бұл оқиғаға байланысты бірнеше жалған ақпарат тарап үлгерген. 

Ачинск қоймасындағы жарылыс түсірілген әуесқой видео 30 мыңнан рет қаралған. Видео авторының айтуынша халық арасында бұл қоймада химиялық қарулар бар.

Тексерілмеген ақпарат келесі видеоның тақырыбында орналасқан. Автор бұл видеоны “Краснояр өлкесіндегі ядролық жарылыс” деп атады.

Ал, мына видео уран мен радиация жайлы. 

Ресей басылымы жариялаған мақалада Қоғамдық палата мүшесі Александр Малькевич “Красноярскдегі Ачинск оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс және өрт туралы оқырмандар арасында жалған түсінік қалыптастыруға ықпал ететін” материалдар жинағанын хабарлады. Жалған ақпарат тарататын авторларды жазалау үшін  Малькевич жинаған ақпараттың барлығын бас прокуратураға тапсырады. Сонымен қатар, Малькевич Ачинскте химиялық қару бар деген мақалаларды сынға алды.

Контекст 

Тамыздың бесі Ресейдегі 74008 стратегиялық маңызы бар әскери бөлімшесінде жарылыс орын алды. Жарылыс болған 20 шақырым радиустегі елдімекендердің тұрғындары эвакуацияланған.

24 маусым таңертен сағат 9:20-да Арыс қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында өрт шықты.  Апаттан соң әлеуметтік желілерде фейк видеолар мен фотолар тарай бастады.  Сондай-ақ, қоймада ядролық, бактериологиялық және химиялық қару бар деген қауесет тарады.

 

Factcheck.kz