Арон Атабек мерзімінен бұрын босатылады

1 қазанда Павлодар қалалық №2 соты Арон Атабектің жазасын денсаулығына байланысты жеңілдету жөнінде түрме әкімшілігінің өтінішін қарады. Енді диссидент, ақын Арон Атабек мерзімінен бұрын босатылады.

Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.

Сот дерегіне сай, дәрігерлер Арон Атабектің емделмейтін аурумен, яғни, омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен ауыратыны анықталған.

Контекст

  • Азаттық радиосының хабарлауынша, 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген.
  • Құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған диссиденттің шамамен бір апта бұрын ауруханаға түскені белгілі болған.
  • Жазда Қазақстанда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰААТ) қатысушылары түрмеде Арон Атабекпен жолығып, халінің нашар екенін айтқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz