Араға 30 жыл салып. Кубада ел үкіметіне қарсы митиң болып жатыр

Куба астанасы Гаванада және өзге қалаларда елдің коммунистік үкіметіне қарсы мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Наразылық акциясына қатысушылар бостандықты, демократияны және коронавирус пандемиясына қарсы нақты әрекеттерді талап еткен. Франс пресс агенттігінің хабарлауынша, демонстранттар “диктатураға жол жоқ” және “біз қорықпаймыз” деп ұрандатып жатыр.

Сонымен қатар, митиңге қатысушылар вакцина егу мәселесін тез арада шешуді талап еткен. Алайда, митиңге қатысушылар тек пандемия кезіндегі салғырт әрекетке емес, электр қуаты мен азық-түлік жетіспейтіне наразы.

Куба президенті Мигель Диас-Канель АҚШ пен куба-америкалық мафияны жағдайды ушықтырды деп айыптайды. Ал АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан наразылық білдірушілерді қолдайтынын айтты.

Диас-Канел коммунистерге көшеге шығып, наразылық білдірушілерге қарсы тұруға шақырды. Оның айтуынша, революцияны қорғайтын уақыт келді.

Кубада ел үкіметіне қарсы наразылық акциясы өте сирек болады. Бұған дейін осыған ұқсас митиң шамамен 30 жыл бұрын болды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz