Әр қазақстандықтың банкке берешегі 470 мың теңгеден асқаны рас па?

13 қараша Qazaqstan арнасы “Елімізде әрбір қазақстандықтың банк алдындағы орташа берешегі 470 мың теңгеден асты” деп хабарлады. Ақпараттың қаншалықты шындыққа сай екенін тексеріп көреміз.

Елімізде әрбір қазақстандықтың банк алдындағы орташа берешегі 470 мың теңгеден асты. Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 290 мың теңге еді. Осы уақыт ішінде 180 мыңға өсіп, жарты миллионға жуықтады. 

Qazaqstan арнасы

Ескерту! Бұл сома ел азаматтары алған несие көлемін экономикалық белсенді халықтың санына бөлгенде шығып отыр.

Үкім: Жартылай шындық

Ұлттық банк мәліметінше, 2020 жылдың 10 айы бойынша жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында берген кредит көлемі – 4 трлн 270 млрд 316 млн теңге. Статистика комитетінің биылғы есебі бойынша елдегі экономикалық белсенді халықтың саны 9,2 млн. Олай болса, әр Қазақстан азаматының банк алдындағы орташа берешегі шамамен – 464 164 теңге.

Әр қазақстандықтың банкке берешегі 470 мың теңгеден асқаны рас па?

2015 жылы жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында берілген кредит көлемі – 2 трлн 611 млрд 155 млн. Осы жылы экономикалық белсенді халықтың саны – 9 млнды құраған. Шынымен-ақ, бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 290 мың теңге болған.

Қазақстандықтар банктер мен шағын қаржылық ұйымдарға 4 триллион 400 миллиард теңге қарыз.  

Qazaqstan арнасы

Үкім: Жартылай шындық

Ұлттық Банктің мәліметінше, 2020 жылдың 10 айы бойынша жеке тұлғалар алған қарыз көлемі – 4 трлн 270 млрд 139 млн теңге болған. Телеарна айтқан дерек пен ресми деректің айырмасы – 158 млрд 146 млн теңге.

Бұған дейін әр Қазақстан азаматының шет елге шамамен 9 мың доллар қарыз екенін депутат Азат Перуашев айтқан еді. Толығырақ төмендегі сілтемеге өтіп оқи аласыздар.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz