Апталық шолу: несие жайлы жалған ақпарат, қоңыраулар жазылатыны туралы фейк және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz редакциясы Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар ақпараттарды тексерді. Бұған қоса, елде болған митиң кезінде сайтта жарияланбаған материалдар желі парақшамызда жарияланды. Әдеттегідей материалдарды бірге шолып шығайық.

Манипуляция | Видео: Әлем елдері Қазақстанды қолдап жатыр

“Қаңтар қасіретіне” байланысты әлем елдері қазақша ән шырқап, «қолдау» білдіріп жатыр деген видео тарады. Ал бұл видеоны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтің желідегі парақшаларына бөлісті. Расымен әлем елдері Қазақстанды қолдап, ән шырқап жатыр ма? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Үкім: Манипуляция

Бұл ешқандай да Қазақстанды қолдау үшін арнайы түсірілген видео емес, осыдан бір жыл (2021 жыл 1 қаңтар) бұрынғы видео. «Voice of Turan» деп аталатын халықаралық музыка фестивалінде қатысушылар (18-35 жас) шарт бойынша қазақстандық авторлардың шығармаларын орындау керек болған. Видео сол кезде түсірілген.

Фейк | Арыстан ҰҚК: барлық құрылғы тыңдау жүйесіне қосылған

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Арыстан ҰҚК» ескертті деген хабарлама тарап жатыр. Онда «жаңа коммуникация ережелері» пайда болғаны туралы және соған сәйкес телефон қоңыраулары, WhatsApp-тағы хабарлама мен қоңыраулар жазылатыны, ал барлық құрылғы «CDMX пен тыңдау қызметі мекемелерінің жүйелеріне» қосылғаны айтылған.

Апталық шолу: несие жайлы жалған ақпарат, қоңыраулар жазылатыны туралы фейк және басқалары

Үкім: Фейк

Жәй ғана фейк емес, зомби-фейк. Бұл хабарлама араға біршама уақыт салып желіге оралып, тұрғындардың үрейін тудырып тұрады. Осыған ұқсас мәтіні бар хабар Ресейдің ақпарат алаңында 2017 жылы пайда болған еді. Сол кезде қазнетке де көшіп кеп, «Ішкі істер министрлігінің жарлығы» деп тараған болатын, оны ҚР ІІМ жоққа шығарды. Редакциямыз оны 2019 жылы тексеріп қойды. Хабарламаның қазіргі нұсқасы ҰҚК «Арыстан» қызметінен деп тарап жатқандықтан, ҰҚК баспасөз қызметі Stopfake.kz арқылы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Несиелер өтеледі деген фейк қайта тарап жатыр

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде қазақстандықтардың несилері кешіріледі деген хабарлама тарап жатыр. Хабарлама мәтінінде 15 қаңтарға дейін өтініш жазған азаматтардың барлық қарызы кешіріледі-міс.

Үкім: Фейк

Желіде тараған ақпаратты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жоққа шығарды. Бұдан бөлек Ақорда да бұған қатысты ешқандай ақпарат таратпады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан несиелерді өтеу туралы жаңалықтар шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ-тан тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Ұлттық банк пен ҚНРДА-нің бірлескен мәлімдемесі:

Осыған ұқсас фейк 2021 жылдың желтоқсанында тараған еді. Ол кезде де ақпараттың өтірік екені айтылған.

«Шекарасыз тілшілер» Қазақстандағы журналистердің жағдайына алаңдаулы

«Шекарасыз тілшілер» (RSF) халықаралық құқық қорғау ұйымы Біріккен ұлттар ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын Қазақстандағы медиа қызметкерлеріне жасалған зорлық-зомбылықты тексеруге шақырды.

Құқық қорғау ұйымының Германиядағы филиалының басшысы Кристиан Мир (Christian Mihr) Қазақстанда зорлық-зомбылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, БАҚ бостандығына қауіп төніп тұрғанын айтты.

Ол Қазақстан билігін шетелдік журналистердің елге кіруіне рұқсат етуге және цензураға жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар, оның пікірінше, жала жабу айыбы мен қылмыстық жазалар ең алдымен БАҚ бостандығына қауіп төндіреді.

Басқа жарияланған материалдар

  • Министр Умаров, «қисынсыз мәлімдемелер» мен «Ресейге кіруге тыйым салынған» — талдаймыз
  • Фактчекерлер YouTube-ті фейк жаңалық тарататын негізгі арна деп сынады
  • Террорлық актілерге қатысты материалды жүктейтін сайт іске қосылғаны хабарланды
  • «Қуып жетіп, басып озды»: Қазақстан мен оның күмәнді рейтиңдердегі орны
  • Сот қамауда отырған журналист Ахмедияровтың шағымын қанағаттандырмады
  • 2021 жылы қазақ тілінде тараған ТОП-10 фейк
  • Еуроодақ Қазақстанды адам құқығын сақтауға шақырды

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz