Апталық шолу: Facebook-тың жаңа қосымшасы, симпл-димпл, депутат Нұркина мәлімдемесіне фактчек және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлемдік БАҚ-та тараған, сонымен бірге, желідегі посттарды да тексерді. Әдеттегідей осы аптада жарияланған материалдарды бірге еске түсірейік.

Facebook онлайн форматта сөйлесуге арналған қосымшаны іске қосты

Facebook компаниясы Live Audio Rooms деп аталатын онлайн форматта сөйлесуге арналған аудио қызметті іске қосты. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Бағдарлама 21 маусымнан бастап АҚШ-та тұратын әлеуметтік желі қолданушыларына ресми түрде қол жетімді болды. Әзірше қосымшаны iOS қолданушылары ғана пайдалана алады.

БАҚ-тың жазуынша, іс-шара басталғанға дейін ұйымдастырушылар пайдаланушыларды спикер ретінде шақыру жібере алады. Әр сессияда 50-ге жуық спикер болады. Ал тыңдаушылар санына шектеу жоқ. Live Audio Rooms қосымша

Фактчек | Айгүл Нұркина жұмысқа орналасқан азаматтар жайлы

9 маусымда өткен Мәжілістің кезекті отырысында депутат Айгүл Нұркина жұмыспен қамту жол картасы аясында жұмысқа орналасқандардың жай-күйі туралы сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, 2020 жылы “жұмыспен қамту жол картасы” аясында 239 мың адам жұмысқа орналастырылып, қазіргі таңда соның тек 11 мыңы ғана тұрақты жұмыс істеуде. Сонымен қатар, басқа мәлімдемелер жасап, деректер келтірді, біз тексеріп көрдік.

“Жұмыспен қамту жол картасы” аясында 2020 жылы 239 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Айгүл Нұркина, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы “жұмыспен қамту жол картасы” аясында 239 мың адам жұмысқа орналастырылған.

“Жұмыспен қамту жол картасы” (ЖҚЖК) пандемия салдарының алдын алу үшін жасалған арнайы әлеуметтік бағдарлама. Толығырақ мына сілтемеде.

Поп-ит, симпл-димпл | Ойыншықтар балаға зиян ба?

Соңғы кезде поп-ит, симпл-димпл ойыншықтарының сатылымы өсіп, ел арасында кең тарала бастады. Сонымен қатар, ойыншық айналасында алып-қашпа әңгіме де бар. Мысалы, КТК телеарнасы психологтың пікірі арқылы ойыншықтардың балаға қауіпі туралы ақпарат таратты. Factcheck.kz сайты ойыншықтардың сапасы тұрғысынан емес, психологиялық ықпалы жағынан мәселенің ақ-қарасын ажыратып көрді.

Сарапашылардың айтуынша, “шар жаруға деген әуестік” қайғылы аяқталуы мүмкін.

КТК телеарнасы

Үкім: Манипуляция

Осы секілді ойыншықтар туралы айтқанда оның өзіне емес, бұл «‎құралдар»‎ тобына мән беруіміз керек. Поп-ит, симпл-димпал, спиннер және т.б. ағылшын тілінде fidget toys деп аталады. Олар көбіне гипербелсенділік пен зейін белгісінің жетіспеушілігінен (ГЗБЖ) зардап шегетін балаларға әлденеге зейін салуына көмектесу үшін ұсынылады.

Fidget-тердің зияны туралы зерттеулердің тапшылығынан бұған манипуляция деген үкім қойдық. Бала психологиясы өте нәзік екенін ескерсек, назарға алу керек жағдай көп, ал сарапшылар пікірі әр түрлі. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Министрлік өзі туралы “жағымсыз ақпарат” таратқан БАҚ-тарды қадағалау үшін қаржы жұмсайды

Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) қазақстандық және шетелдік БАҚ-тағы материалдарды қадағалау үшін қаражат бөлген. Мұны мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпараттан көруге болады.

Ондағы мәліметке сәйкес, аталған ведомство “ақпараттық мониторинг” қызметіне тапсырыс беріп, “АДмастерс” компаниясымен 3,3 млн теңгеге келісім-шарт жасасқан.

Құжаттың техникалық сипаттамасындағы мәлімет бойынша, қызмет көрсетуші компания республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға ұлттық экономика министрлігінің аты аталған мақалалар мен материалдарды тауып, шолу жасауы тиіс.

Шолуда Рейтер, британдық BBC агенттігі, ресейлік “Новая газета” және Азаттық радиосының да аты аталады.

Басқа жарияланған материалдар

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz