Апталық шолу: ең жас депутат, сайлаусыз сайлау және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты тексерді. Ендеше жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

Манипуляция | Мади Ахметов: Мен Nur Otan партиясында ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар

13 қаңтар Tengrinews.kz сайтында Nur Otan партиясы атынан 25 жастағы ең жас депутат болып сайланған Мади Ахметовтың сұхбаты жарияланды. Ол депутаттардың тізімінде 30 жасқа дейінгі басқа әріптестері бар екенін айтты. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Nur Otan партиясында мен ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар. Мысалы, Елнур Бейсенбаев, Вера Ким және басқалар.

Мади Ахметов

Nur Otan партиясы ресми сайтындағы мәжіліске барған 76 депутаттың тізімінен Ахметовтан өзге 30 жасқа дейінгі депутатты таппадық. Ахметов айтқан Е. Бейсенбаев 1986 жылы (35 жасқа толады), ал Вера Ким 1982 жылы (39 жасқа толады) туған. Екеуін де 30 жасқа толмаған деуге келмейді. Үкімі манипуляция. Мәжілістің жаңа құрамындағы екінші “ең жас депутат” — Зульфия Сулейменова. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Биыл 31 жасқа толады. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

Батыс ұйымдары полицияның белсенділерді қоршауын “репрессивті әдіс” деп атады

Батыс құқық қорғаушылары 10 қаңтарда Алматыда арнайы жасақтың сайлауға наразылық білдірген белсенділерді алаңда бірнеше сағат ұстауын айыптап, оларды жылжытпау үшін қолданған әдіс – кеттлингті “бейбіт демонстранттарға бағытталған репрессивті тактика” деп атады.

Апталық шолу: ең жас депутат, сайлаусыз сайлау және басқалары
Полиция қоршауында қалған Oyan, Qazaqstan белсендісі Әсем Жәпішева. Алматы, 10 қаңтар 2020 жыл. Фото: Азаттық радиосы

Азаттық радиосы дерегінше, Норвегиялық Хельсинкі комитетінің кеңесшісі Ивар Дале президент Қасым-Жомарт Тоқаевты “адам құқығын таптауды тоқтатуға шақырды”. Дале полиция қоршауында қалған адамдардың видеожазбасын ретвиттеп, “Қазақстан сайлаудың әділ әрі ашық өтуін талап еткен адамдарға репрессивті стратегия қолданып жатыр. Егер полиция бұрын бейбіт демонстранттарды жаппай ұстаса, қазір оларды далада тар жерге тықсырып, сағаттап ұстап жатыр” деп жазды.

Қазақстан ТМД-да зорлау бойынша бірінші ме?

Еуразия телеарнасы “Қазақстан ТМД елдері арасында, зорлау деңгейі бойынша көш бастап тұр” деген хабар таратты. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Зорлық саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орында! Бұл қорқынышты мәлімет туралы Дүниежүзілік халықты зерттеу порталы жазды.

Еуразия телеарнасы

ТМД елдері Бас прокурорлар кеңесінің дерегіне сай, нақ зорлау саны бойынша Ресей көш бастап тұр. Бұл көрсеткіште еліміз екінші орынға жайғасқан. Бірақ Ресейде адам саны Қазақстаннан әлдеқайда көп екенін ескеріп, 100 мың адамға шаққандағы зорлық көрсеткішін есептесек, еліміз ТМД елдері арасында екінші орында екенін көреміз. Ал үкімі жалған. Толығырақ мына сілтемеде.

Facebook пен Instagram ҚР ҰҚК-нің 59 аккаунттын жойды

Facebook пен Instagram ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тесілі 59 аккаунт пен бір топты жойды. Компания әкімшілігінің дерегінше, бұл аккаунттар 2019 жылғы наразылықтардан кейін ашылып, одан кейін оқырмандары көбеймеген.

«Біз Facebook-тегі 31 аккаунт пен бір топты, сондай-ақ Қазақстанның ішкі аудиториясы үшін құрылған 28 Instagram аккаунттың өшірдік. Тексеріс нәтижесінде біз Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Солтүстік Қазақстан Ішкі істер басқармасы экстремизммен күрес департаментімен байланысқан адамдарды анықтадық. Бұл аккаунттар 2019-2020 жылдары Қазақстандағы наразылық жағдайында ашылған. Біз бұл фактілерді елдегі интернет қызметтерін зерттегеннен кейін анықтадық», — Facebook хабарламасынан.

Соңғы үш жылда Facebook әкімшілігі жалған кампанияларға мониторинг жүргізіп, оларға тиесілі барлық ақпараттарды бақылауда. Жалған аккаунттар халық ішінде қоғамдық пікірталастарды басқару үшін ашылады. Компанияның хабарлауынша, олар мемлекеттік емес сектор өкілдерінің ішкі науқанына да, шетелдік және мемлекеттік қатысушылардың науқанына да әсер етеді.

Басқа қандай материал жарияланды

  • Дональд Трамп әкімшілігі Қытайдың тоғыз компаниясына инвестиция жасауға тыйым салып, қара тізімге енгізді. Олардың арасында ұшақ жасап шығаратын Comac және ұялы телефон әзірлеуші Xiaomi компаниясы бар.
  • Twitter әлеуметтік желісінің әкімшілігі АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Әлеуметтік желі дерегінше, Трамп туиттер желісін зорлық-зомбылыққа шақыруға қолдануы мүмкін.
  • «Еркіндік Қанаты» қорының атқарушы директоры Елена Швецова мәжіліс сайлауы Қазақстан тарихындағы «ең қиын және әділетсіз» болды деп мәлімдеді.
  • Сайлауда сайлау болды ма?
  • Фактчек | «Сергек» жобасы халықаралық байқауда жеңіске жетті
  • Польша, Швеция, Норвегия ДДСҰ-ны сотқа берді | Рас па?

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz