Апталық шолу: Алматыдағы феминистік шеру, белсендіге қоқан-лоқының көбеюі және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлемдегі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты тексерді. Сонымен бірге, желідегі посттарды да тексерді. Жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

Фактчек | Еспаева жеңіл өнеркәсіптің құлдырауы туралы

17 ақпанда мәжіліс депутаты және президенттікке үміткер болған Дания Еспаева жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау көрсету туралы ұсыныс айтып, премьер-министрдің атына сауал жолдады. Оның айтуынша, оларға өнімді өндіруде ғана емес, оны өткізуде де көмек көрсету қажет. Дания Еспаеваның пікірінше, бұл саланы дамытудың мемлекеттік стратегиясының болмауы көңіл көншітпейтін зардаптарға әкелді.

Мәлімдеме: Кейінгі 5 жылда саладағы (жеңіл өнеркәсіп саласы) 40%-дан аса кәсіпорын жұмысын тоқтатты

Ұлттық статистика бюросының 2021 жылдың басы, 2020, 2019, 2018 және 2017 жылдарға арналған дерегі бойынша, кейінгі бес жылда тіркелген кәсіпорын саны 11%-ға, ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорын 29%-ға көбейген. Яғни, үкімі манипуляция. Кейінгі 10 жылдағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары санының динамикасын мына сілтемеден көрсеңіз болады.

Белсенді Шарипов феминистік шеруден кейін қоқан-лоқы көбейгенін мәлімдеді

«Oyan, Qazaqstan!» қозғалысының белсендісі Дархан Шариповқа 8 наурызда феминистік шеруге қатысқаннан кейін қоқан-лоқы көбейді. Ол бұл туралы Factcheck.kz журналисіне телефон арқылы хабарлады.

«Бір танысым марш туралы видеолардың арасынан мені танып, көршісі екенімді айтты. Кейін қайда тұратынымды білетінін хабарлап, қоқан-лоқы көрсете бастады. Бұған қоса менің аккаунтыма жан-жақтан “өлтірем” деп жазғандар аз болмады», – деді Шарипов Factcheck.kz тілшісіне.

Шарипов адамдардың неліктен осындай реакция танытқанын түсінбегенін айтып, марш аяқталғалы екі күн бойы аккаунтына шабуыл тоқтамағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, агрессивті еркектердің осылай реакция танытуы елде әйел құқығын талап ететін марштар керек екенін дәлелдеді.

Сонымен қатар, Vlast.kz журналисіне барлық хабарламадан скриншот сақтап қойғанын айтты.

«Мен барлық хабарламаларды скриншоттаймын. Мен тіпті қайда бару керектігін де білмеймін. Полицияға ма? Полиция келе ме? Мен мұндай нәрселер заңмен қалай реттелетінін білмеймін. Олар енді тынышталады деп үміттенемін», – деді ол Vlast.kz журналисіне.

Белсендінің айтуынша, бұл реакция елдегі әйел құқығының нақты хал ахуалы қандай екенін көрсетті.

Алматыда белсенділер Ганди паркіне феминистік шеруге жиналды

Алматыда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні “Феминита”, “КазФем”, “SVET”, “ФемАгора”, “ФемСреда” қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеру өткізуге Ганди саябағына жиналды. Қала әкімдігі 13 ақпанда бұл шараға келісім берген.

“Әр әйел – жалғызым!”, “Феминизм Қазақстанды құтқарады!” ұрандарымен шеруге қатысушылар Шевченко көшесінің Айманов көшесімен қиылысындағы Ганди паркінен бастап, Шоқан Уәлиханов ескерткіші орналасқан Төлебаев көшесіне дейін бес шақырым жаяу жүрді.

Олар жақынынан зорлық-зомбылық көріп, мерт болған әйелдерді аза тұтады. Акцияға қатысушылар қоғам мен тұрмыста қазақ әйелдерінің құқығы жиі бұзылатынын, “зорлық құрбандарына заң араша түспейтінін” айтады.

YouTube вакцинаға байланысты 30 мыңға жуық фейк ақпаратты өшірді

YouTube кейінгі алты айда 30 мыңға жуық COVID-19 вакцинасына байланысты фейк және арандатушы видеоны өшірді. Бұл туралы Axios сайты хабарлады.

Ресми өкіл Елена Эрнандестің айтуынша, YouTube 2020 жылдың ақпан айынан бастап короновирус вакцинасы туралы 800 мың күмәнді видеоны жойған. 2020 жылдың қазан айында YouTube жергілікті бақылау органдарымен бірге ДДСҰ-ның сараптамалық қорытындысына қайшы келетін COVID-19 вакцинациясы туралы фейк видеоларды өшіретінін мәлімдеген.

Ал жалған ақпарат жариялаған акаунттар мәңгі бұғатталды. Еске сала кетейк, былтыр Google компаниясына тиесілі YouTube платформасы коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жалған мәліметтері бар видеоны жоятынын ескерткен.

Басқа қандай материал жарияланды

  • Ресейде Facebook пен Twitter желісіне айыппұл салуы мүмкін
  • Коронавирус зертханадан тарады: ақпараттың қай жері дұрыс емес?
  • Фейк | Қытайда жаңа нәсіл дүниеге келді
  • Фактчек | Жамалов Қазақстандағы мед.сақтандыру мен бедеулік туралы
  • Клуни қоры Нұр-Сұлтанды белсенді Ильяшевті қудалауын доғарып, үкімді қайта қарауға үндеді
  • Зерттеу: Қытай Шыңжаңда “геноцид жасауын” доғармады
  • Facebook Instagram-ның «жеңілдетілген» нұсқасын 170 мемлекетке іске қосады

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz