Apple және Facebook табысы екі есе артты

2021 жылдың бірінші тоқсанында америкалық Apple және Facebook компаниясының табысы жақсы нәтиже көрсетті. Жарияланған есепке сай, Apple табысының көбеюіне iPhone біраз септігін тигізген. Ал Facebook компаниясы кірісін жарнаманың арқасында екі есе көбейтті. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

2021 жылдың алғашқы үш айында Apple компаниясының тауар айналымы қаржылық көрсеткіш бойынша, 89,6 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл соманың шамамен 50 миллиард доллары iPhone сатылымының табысынан келген. Концерн табысы да 2 есеге өсіп, 23,6 миллиард долларды құрады.

Сонымен қатар, Facebook желісінің табысы 9,5 миллиард долларға өскен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Атап айтқанда, жарнамадан түскен табыс 46%-ға артқан (25,4 млрд доллар). Бұған қоса, наурыз айында Facebook желісін қолданушылар саны да артқан – 2,85 млрд. Жалпы Facebook кірісінің өсуіне желідегі жарнаманың артуы әсер еткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz