Apple-дың кесірінен Android қолданушылары қосымшасыз қалды

Apple 485 миллионға сатып алған Texture мобильді қосымшасын жауып тастайды. Қосымшаның көмегімен 300 журналға ақылы түрде жазылуға болады, бірақ қосымша Apple News Plus жаңа қызметіне ауыстырылады. “Алма империясының” жаңалығы жайлы New York Post хабарлады.

Texture-ді Android және Windows Phone қолданушылары( клиенттердің 30%, 240 мыңнан  80 мың адам) пайдаланған. Қосымшаның бұрынғы нұсқасы жабылды, ал жаңа нұсқасы жобаны сатып алған  компанияның өнімдерінде ғана қолжетімді. Егер қолданушыда Apple өнімі болмаса, электронды басылымға ай сайын 9,99 долларға жазылу қызметі Texture жұмысын тоқтатқан кезде өздігінен өшіріледі.  

Texture-дің соңғы жұмыс күні мамырдың 28-і екені белгілі.  

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz