Amnesty International: Ресейде наразылыққа мүмкіндік қалмады

Бейсенбі, 12 тамызда Amnesty International (AI) сарапшылары Ресейдегі жаппай наразылық акциясына қатысты арнайы баяндамада жариялады. Сарапшылар “елде бейбіт жиын өткізуге азаматтық құқық жойылды” деген қорытындыға келді. Баяндама “Ресей: наразылыққа мүмкіндік қалмады” деп аталады.

AI хабарлауынша, Ресей азаматтары бейбіт жиынға шығуға конституциялық құқығынан айырылып жатыр. 20 беттен тұратын баяндамада елде митиң өткізуге біртіндеп, заңнама бойынша шектеу қойылып жатқаны егжей-тегжейлі жазылған.

“Соңғы 16 жыл ішінде 13 заңға түзету енгізілді. Олар біртіндеп бейбіт жиын еркіндігін шектеді. Салдарынан билік рұқсат бермеген кез келген бейбіт наразылық акциясы қылмыстық жауапкершілікке алып келді”, – дейді баяндама авторларының бірі, Ресейдегі Amnesty International сарапшысы Петер Франк.

AI сарапшыларының болжауынша, Ресей билігі Мемлекеттік думаға сайлау болғаннан кейін Беларусьтегі жағдай қайталануы мүмкін деп алаңдайды.

Петер Франктың сөзінше, Ресей билігі кез-келген тәуелсіз азаматтық белсендіні мемлекеттік бақылауға алуға тырысып жатыр. Amnesty International Ресей билігін адам құқығын сақтауға шақырады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz