Amnesty International: пандемия кезінде пікір еркіндігіне қысым көбейді

Халықаралық Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымының айтуынша, Қытай, Ресей және өзге елдер коронавирус індеті кезінде “репрессияшыл заңдар” қабылдап, пікір айту құқығын шектеген, сыншыларды қудалаған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Штаб-кеңсесі Лондонда шоғырланған ұйым 19 қазанда жариялаған мәлімдемесінде үкіметтердің пікір айту еркіндігіне шабуылы “жалған ақпараттар легімен” бірге азаматтардың анық әрі маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне “күйрете соққы берді” деп жазған.

“Індет кезінде үкіметтер азаматтардың құқықтарын таптап, пікір айту еркіндігіне “теңдессіз” шабуыл жасады. Коммуникация арналары бітелді, әлеуметтік желі цензураға ұшырады, медиа порталдар жабылды” деді ұйым өкілі Раджат Хосла.

Amnesty International ұйымының айтуынша, пікір айту еркіндігі – өте маңызды себебі нақты, дәлелді әрі маңызды ақпараттың еркін таратылуы енсаулыққа төндіретін қауіп-қатер жөнінде мағлұмат беріп, оның алдын алуға және күресуге ықпал етеді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz